Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 195)

Архив блога

Сарбаздың хаты

Алдыңғы мақаламда әскерге қалай келгенімді жан-жақты жазған болатынмын. Бүгінгі сөз ұлттық ұлан сарбазының бір күні және маңызды нәрселер туралы болмақ. Сізге ұнайтынына сенімдімін. Ендеше, оқып көріңіз. 5513 әскери бөлімінің әр сарбазы өзіне тапсырылған міндеттерді тиянақтылықпен орындайды. Ерте тұру – сарбаздың дағдысы, әскердің өзгермейтін заңы. Таңғы сағат 06:00-де ұйқыдан тұрып, 06:05-те батальон алдына сапқа тұрамыз. Кезекші офицер пәрмен бергеннен кейін жорықтық ...

Толығырақ »

1986 жылғы желтоқсанның «ызғары»

2016 жылы  елімізге белгілі дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Сайлау Батырша-ұлының өмірі мен қызмет жолы, Кеңес дәуірі мен тәуелсіз  еліміздің ішкі-сыртқы саясаты туралы жазылған «Тәуелсіздік жолындағы дипломатия» атты еңбек жарық көрген болатын. Ал осы жолы аталған кітап толықтырылып, 2-басылым ретінде қайта жарыққа шықты.  Батырша-ұлының аты аталғанда ойымызға бірінші кезекте «дипломат» деген атау оралады. Себебі, онымен қазақ дипломатиясы бүтіндей егіз ұғым. ...

Толығырақ »

ЖАСАНДЫ ТҮСІК – ҚАЗАҚҚА ЖАТ ТҮСІНІК

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қыз балаларға 16 жастан бастап ата-анасының келісімін алмай-ақ, жасанды түсік жасата беру туралы жобаны ұсынып, заң жүзінде бекітіп алмақшы. Ал қазіргі біздегі қолданыстағы ережелер бойынша кәмелетке толмаған қыз балаларға мұндай медициналық көмек көрсету үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі міндетті түрде керек. Министрліктің бұл ұсынысы жария болысымен-ақ халық арасында қызу талқылау басталып кетті. Ол түсінікті де, ...

Толығырақ »

ЖЕЛТОҚСАН ТАЯП ҚАЛДЫ…

Міне, тағы Желтоқсан… таяп қалды, Дұға қылып, арнаймыз аяттарды, Алаңда… қызыл қанға бояп қарды, Қызыл Одақ қанменен тояттанды. Сол қырғын, ұлт намысын оятқан-ды, Мансұқтап қанмен жерді боятқанды, Бар қазақтың баласы тас түйін боп, «Елім үшін жан пида!» деп аттанды. Қазаққа қарсы қару тағы оқталды, Бейбіт жұртқа бес қару жарақтанды. Көз көрді қызын итке талатқанды, Халыққа аязда су боратқанды. Билікке қойды ...

Толығырақ »

Анар РАХЫМЖАНОВА, Желтоқсан оқиғасына қатысушы: «ӨН-БОЙЫМНАН ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЫЗҒАРЫ КЕТКЕН ЖОҚ»

  1986 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Д. Қонаев орнынан алынып, ол қызметке Г. Колбин тағайындалды» деген хабар қазақ елінің жаппай наразылығын туғызды. Үкіметтің бұл шешіміне келіспей, қазақ жастары саяси тәуелсіздікті талап етіп, орталық алаңға шықты. Бірақ бейбітшілікті талап еткен жалынды жастар мұздай қаруланған әскери топтың аяусыз таяғына тап болды. Иә, желтоқсан оқиғасы талай боздақтың тағдырын қиып, өмір ...

Толығырақ »

«КИНОНЫ ҚАЗАҚША КӨРГІМ КЕЛЕДІ!»

«Еліміздің кинотеатрларында қазақ тіліндегі кино мен анимациялық фильмдерді ыңғайсыз уақытта және тым аз көрсетеді. Бұл — қазақ тілді көрерменнің, тұтынушы құқығын бұзу. Осыны біле тұра ешқайсымыз не заңға жүгініп, не басшылығына айтып талап етпейміз. Тәуелсіз, дербес мемлекетте емес, өзгенің елінде тұрып жатқандай күйдеміз. Заң біз жақта, қазақ тілі жағында, тек сауатты талап етіп, жұмыла білсек болғаны. Кез келген ұлы жетістік ...

Толығырақ »

ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВТІҢ ТҮРМЕДЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ

23.09.87 ж. Дүниедегі ең сұмдық зұлымдықты сот алдында азамат сотынан көрдім. Әділетсіздікпен сот кәрін септі, жас гүлге өлім септі, зұлымдықпен атып тұрды да, «ату жазасы» деп жас жүрекке найзаны сұқты-кетті. «Өспей жатып – өшу, жанбай жатып – сөну» деген осы да. «Бақ түссе – маңдайымнан, тас түссе – талайымнан», көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр. ...

Толығырақ »

Хайп жасау айып па?

немесе ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың деңгейі қандай? Салмақты тұлғалар бағдарламаға да салмақ қосады Ақпарат құралдарының негізгі міндеті жаңалық тарату екені рас. Бірақ жаңалық табан астында-ақ әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқандықтан, журналистерге талап күшейіп, бәсеке бәсі артатынын ешкім жоқ­қа шығара алмайды. Жаңалықты қатесіз беру, қаптаған деректердің арасынан керек мәліметтерді іріктеп таңдап бере білу, ақпаратты саралап, дұрыс пайым жасау, дер кезінде жеткізу… – осы ...

Толығырақ »

Театр өнеріне арналған көркем кітап

   Жақында театр әлемі мен әртістер өнерін қалың көпшілікке насихаттауда ерекше орын алар кітап жарыққа шықты. Ол – «Театр. Тарих. Тағылым» атты кітап. Авторы – бүгінде театр әлеміне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, актерлікпен қатар, режиссер ретінде де драмалық қойылымдарды шебер сахналап жүрген Х. Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актері әрі бас режиссері Самал Қадерұлы Әбуов. Бұл – батыс ...

Толығырақ »

БЕРЕРІ МОЛ БАҒДАРЛАМА

       «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталатындығы әмбеге аян. Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тіл – орыс және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – ...

Толығырақ »