Антарктидада қазақ жігіті Әділет Рахметолла мақтауға лайық іс жасады. Ол Қазақстанмен қоса бауырлас елдер туын мұзды аймаққа тігіп, барша жұртты тәнті қылды. Фото: Инстаграмдағы бейнежазбадан алынды «Достығымыз асқақтай берсін! Антарктида», – деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өзбек бауырларымыз Қазақстанның туын жоғары көтеріп, ортақ мақсатқа деген ұмтылысын көрсеткен болатын. Енді блогер өз кезегінде сол челленджді ...
Толығырақ »Архив блога
ҚАЗАҚ КОНТЕНТІ ҚАЙДА?..
«Казакская орда 2.0» деген парақша (Facebook-те) «Қазқа көрермені не көріп жүр?» деп сұрау салып, рейтинг түзіпті. Қаңтардың соңында түзілді деген рейтингте «ең көп қаралған бағдарламалардың» ондығы жазылған екен, Бұл туралы Фейсбук парақшасында журналист Нұргелді Әбдіғаниұлы жазды, деп хабарлайды Jastar janary. «Өзі – он. Оның үшеуі – Ресейдің бірсыдырғы сериалы. Екеуі – Түріктің сериалы. Украинаның бір мелодрамасы мен АҚШ-тың бір боевигі ...
Толығырақ »Студенттер «Ақылды үй» жобасын жасады
Жұмысшы мамандықтар қаласында Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенттері Arduino технологиясымен әзірлеген инновациялық «Ақылды үйдің» макетін ұсынды. Автоматтандыру жүйесінде уақытқа қарай шамның жанып-сөнуін реттейтін интеллектуалды жарық сенсорлары, сондай-ақ дамыған қауіпсіздік жүйесі қарастырылған. Мұнда қозғалыс PIR-датчиктері, газ және түтін сенсорлары бар, олар ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алады. Ал температураны өлшейтін және ылғалдық сенсорлары желдету мен жылыту жүйесінің жұмысын автоматты түрде реттеп, жайлы микроклиматты ...
Толығырақ »Шекараға бағынбайтын өнер: Отандық театрлардағы ашық сахналарға көзқарас
Иә, қашанда «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деп ұятты бәрінен биік қойған халықпыз. Ата-бабамыз талайлы тағдырында сан түрлі қиындықты бастан кешіп келсе де, арына кір келтірмеді. Осындай идеологиямен өскен қазақ театрдағы ашық сахнаны көргенде шошиды, сынайды, табалап жатады. Дегенмен өнер – ол шекарамен бекіте алмайтын, бітеп қоя алмайтын үлкен құдірет. Ұят деп өнер арқылы бөліскің келетін сезімдерді, соларды ашу ...
Толығырақ »Ажырасудың себебі неде?
Қоғам үшін ең өзекті мәселенің бірі – ажырасу. Соңғы жылдары елімізде осы тақырып көпшілікті алаңдатып, түрлі таластар тудырғаны бәрімізге мәлім. Отбасы құндылықтарын бәрінен биік қойған қазақ қоғамы үшін ажырасудың көбеюі үлкен індетпен тең. Фото: Ашық ақпарат көздерінен Шынында да, кейінгі кезде құндылықтар ауысып, жауапкершілік жоғалып, шаңырақ шайқалуы оңай болып кетті. Неке бұзылуының дәл осындай жоғары деңгейге жетуіне себеп аз емес. ...
Толығырақ »Жұлдыз Әбдікәрімова: Ақырын жүріп, анық басуға тырысамын
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында арманымен бөлісті, деп хабарлайды Jastar janary. «Ақырын жүріп, анық басуға тырысамын. Тұрақты оқырманымнан, жақындарымнан жасырмайтын үлкен бір арманым бар. Кеудемде жаным барда, жүректе арман барда, ой мен санам тұнық кезінде ұстанатын бағытым бар. Ол еліміздің барлық өңірлеріндегі театр саласына өз деңгейімде үлес қосу. Ондағы мақсатым: — Облыс, аудан, аймақ, ауыл сахналарында өнер көрсету арқылы, ...
Толығырақ »ІХ қысқы Азия ойындары–2025: Жарыс нәтижелері қандай?
Шорт-трек 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Әжіғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті. Ал 3000 метрге әйелдер арасындағы командалық сайыста еліміздің әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Команда мүшелері – Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Әжіғалиева мен Мадина Жанбосынова. ...
Толығырақ »Қысқы Азия ойындары: Қазақстан шорт-трекшілері тарихи алтын медальді еншіледі
Харбинде өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында спортшыларымыз ел мерейін асқақтатып, тарихи сәт жасады. Қазақстан ерлер құрамасы шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада топ жарып, қоржынға алғашқы алтынды салды, деп хабарлайды Jastar janary. Бұл жетістік ел үшін тарихи оқиға болып, біздің спортшыларымыздың қысқы спорт түрлеріндегі өсіп келе жатқан әлеуетін айқын көрсетті. Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай спортшылары сияқты мықты қарсыластар бақталасқан бұл бәйгеде ...
Толығырақ »Қаңтарда елдегі 1 257 есірткі сайты бұғатталды
Қаңтар айында 700-ден астам есірткі құқықбұзушылығы анықталды, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі. Фото: zhalagash-zharshysy.kz 1 257 есірткі сайты бұғатталып, оның ішінде 15 дроп-карта бар. Есірткі тарату туралы ақпараты бар 76 арна мен боттар өшірілді. 274 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 180 сату фактісі, интернет арқылы есірткі жарнамасының 64 фактісі, 3 контрабанда, есірткі өсірудің 16 фактісі бар. 9 ұйымдасқан қылмыстық топ, 3 ...
Толығырақ »ЖАУЫНГЕР ЖЫРЫ: Әкем мені құл болсын деп туған жоқ, Ұлтын сүйер ұл болсын деп өсірген!
Жақында Қазақ радиосындағы “Қазақстан сарбазы” хабарының түсірілім тобы әскердегі сарбаздардың бүгінгі жай-күйімен танысып, Отардағы оқу-жаттығу жиынын көріп қайтты, деп хабарлайды Jastar janary Қазақ радиосына сілтеме жасап. Түсірілім барысында ҚР ҚК Құрлық әскерлері Гврадейск гарнизонының 82/796 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Азатбек Бергенбек Отан жайлы жыр-толғауын оқыды. Қаламымды айырбастап қаруға, Бел байладым мен әскерге баруға. Жалғыз ұлың Жаратқанға тапсырып ...
Толығырақ »