Ирландия мен Шотландия аралығындағы Солтүстік бұғазды ең алғаш рет жүзіп өткен қазақ қызы – Әнел Сыдықова. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Әнел Сыдықова – Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ең күрделі маршрут саналатын қашықтықты 4 қыркүйекте 16 сағат 36 минут 19 секундта бағындырған. Осылайша, отандасымыз Солтүстік бұғазды жүзіп өткен 185 адамның қатарына енді.
«Барлық 4 қатысушы сәтті финишке жетті. Менің қасымда неміс спортшысы, Олимпиада чемпионы Андреас болды. Ол бұл қашықтықты небәрі 8 сағатта бағындырды. Австралиялық Бренда 10 сағат 22 минутта аяқтады, ал тағы бір австралиялық Джон — 15 сағатта», – делінген жазбада.
Солтүстік бұғаз – әлемдегі ең қиын әрі қауіпті марафондық жүзу бағыттарының бірі саналады.