Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 11)

Архив блога

Алматыда жастарға арналған комьюнити-орталық ашылды

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Медеу ауданындағы жаңа коммьюнити-орталыққа барды. Бұл аталған аудандағы жастар үшін екінші заманауи кеңістік. Бұл туралы Алматы әкімдігінің ресми арнасы хабарлады. Комьюнити-орталық заманауи стильде безендірілген және бірнеше аймақтарға бөлінген – конференц-зал, психологиялық, заң көмегі, жұмысқа орналасу, кәсіптік бағдар беру, кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңестер, жастар идеяларын жеделдетуге арналған коворкинг-аймақ, ана мен бала бөлмесі. ...

Толығырақ »

Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Елордалық оқушы Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды Jastar janary порталы елорда әкімдігінің ресми сайтыны сілтеме жасап. Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын желбіретті. Айта кетейік, өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атағына ие болған.

Толығырақ »

«Жайлы мектептің» 40%-дан астамы ауылда

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Алматы облысының Көкөзек ауылында орналасқан кезекті 36-шы мектеп есігін айқара ашты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 1 500 оқушыға арналған мектеп заманауи стандарттар бойынша жабдықталған және қалалық мектептерден кем түспейді. Аталған мектеп 68 оқу кабинетімен, STEM-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залмен, спорт залдарымен, демалыс және нетворкинг орталықтарамен жабдықталған. ...

Толығырақ »

Айжібек Бекболатқызы, стилист: БИЫЛҒЫ ҚЫСТА ҚОҢЫР, ШИЕ ТҮСТЕС КИІМДЕР СӘНДЕ

Адамның көркін ашып, одан әрі сұлулығына үлес қосатын ол – әр жанның киім киісі. Әдемі болып киіну үшін міндетті түрде  қымбат брендтті киімдерді кию шарт емес. Ең бастысы, жоғары талғам. Сіздің киген киіміңізге қарай талғамыңыздың қандай екенін аңғаруға болады. Ал талғамды киіну үшін көп киімнің болуы маңызды емес. Жәй ғана жоқтан бар жасап, санаулы киімнің өзінен-ақ бірнеше образдарды жасап шығаруға ...

Толығырақ »

Jarqyn bolashaq: Астанада жастарға лудомания мен алаяқтықтан құтылуға қалай көмектеседі

Астанада «Астана жастары» ЖРО бастамасымен жастар арасында лудомания мен алаяқтықтың алдын алуға бағытталған Jarqyn bolashaq жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Jarqyn bolashaq жобасы аясында университеттер мен колледждерде Komek Center тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының тәжірибелі психологтары мен аддиктологтары дәрістер өткізеді. Ұйымдастырушылар жастар үшін тренингтер, кездесулер және белсенді іс-шаралар өткізеді. Олардың арасында боулинг пен пейнтбол матчтары ...

Толығырақ »

Жағдайың қалай, ауыл спорты?

Бүгінде спорт – қоғамның даму деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі. Әсіресе, ауылдық жерлерде спортты қолдау – дені сау ұрпақ тәрбиелеудің және жастардың бос уақытын тиімді пайдаланудың басты құралы. Өкінішке қарай, ауыл спорты көп жағдайда назардан тыс қалып жатады. Бұл мәселені шешу – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Қазақстанның ауыл-аймақтарында спорттық инфрақұрылым жеткіліксіз екені жасырын емес. Көптеген ауылдарда спорттық залдар, алаңдар, ...

Толығырақ »

Омбыда ҚазҰУ-дің филиалы ашылды

Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалын ресми түрде ашу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысты. Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Ресейдің Жоғары білім және ғылым министрінің орынбасары Константин Могилевский қатысып, екі ел арасындағы ғылым және ...

Толығырақ »

Астанада «Үздік жас отбасы-2024» байқауы өтті

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік жас отбасы-2024» конкурсы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Аталған байқауға қатысып, сөз сөйлеген Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжанова Отанның тұтастығын сақтау әр отбасының татулығымен тығыз байланысты екенін атап өтті. «Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Туған елге, ...

Толығырақ »

Заң және тәртіп: Астанада кәмелетке толмаған 165 жасөспірім полицияға жеткізілді

Елордада жасөспірімдер қылмысының алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Jastar janary порталы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Полицейлер аудандық әкімдіктердің, білім басқармасының және Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметкерлерімен бірлесіп, саябақтар мен гүлзарларды, компьютерлік клубтарды, кафелерді тексерді. Тексеру барысында ...

Толығырақ »

Димаш Дубайда DIAFA жүлдесіне ие болды

Бұл туралы Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында жазды. «DIAFA-ға өнерге қосқан үлес үшін берген сыйлығына алғыс айтамын. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA», — деп жазды әнші. DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) – жыл сайын Дубайда өтетін халықаралық премия. Ол өнер, мәдениет, гуманитарлық жұмыстар мен бизнеске және қоғамның өмірін жақсартуға қосқан үлесі үшін аймақтық, әлемдік деңгейдегі көрнекті тұлғаларға, ...

Толығырақ »