Басты бет » Жаңалықтар » «Елім дегендер»: Астанада республикалық шығармашылық байқау өтті

«Елім дегендер»: Астанада республикалық шығармашылық байқау өтті

Астанада Республика күні қарсаңына ұйымдастырылған өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті, деп жазды Jastar janary Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, жастар арасында ынтымақ пен достықты дәріптеу және қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген 14-35 жас аралығындағы талантты жастар қатысып, өз өнерлерін қазақ тілінде көрсетті.

Қатысушылар халық әндерін орындап, көркемсөз оқып, эссе жазу номинациялары бойынша бақ сынасты.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталған еді.
Жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.