Елімізде «Президенттік жастар кадр резерві» жобасы үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жастар үшін, әсіресе дамимын, мемлекетке пайдамды тигіземін деген азаматтар үшін – бұл таптырмас мүмкіндік.
Президенттік жастар кадр резервінің негізгі мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу. Бүгінгі жастар – мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы. Әрқайсыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Сондықтан да аталған жобаның тиімділігі орасан.
– Өздеріңізге белгілі биыл үшінші мәрте мемлекеттік «Президенттік жастар кадры резерві» жобасы басталып жатыр. Мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымға жету үшін түрлі деңгейден өту керек. Алайда әр мемлекеттік саясатта осындай жобалар жетілуде. Бұл дегеніміз – деңгейлерден асып қандай да бір салаға өз мамандарын тарту. Менің ойымша, бұл өте жақсы жастарға берілген мүмкіндік. Бұл жобаға барлығыңызы шақырамын. Өздеріңіздің бақтарыңызды сынап көріңіздер, бұл – сіздерге арналған жоба. Бізге қашанда жалынды жастар қажет, – дейді Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Айнұр Идирисова.
Бүгінде Президенттік жастар кадр резервінің іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Сегіз кезеңнен тұратын байқаудың екінші кезеңі аяқталып қалды. Алғашқы бес кезеңі, атап айтсақ, құжаттарды қабылдау, мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу мен құзыреттілік бойынша сұхбат кезеңдері онлайн форматта өтеді. Іріктеудің онлайн кезеңдері арнайы прокторинг арқылы қатаң бақыланады. Ал құзыреттілікті бағалау, сарапшгы комиссия мүшелерімен әңгімелесу, ұлттық комиссия отырысына қатысу кезеңдері офлайн форматта өтеді. Жалпы, жобаның іріктеу кезеңдері желтоқсан айына дейін жалғасады. Осы жобаның тиімділігін біліп, алдағы уақытта қатысуға ниеттеніп отырған жастар дайынықты бүгіннен бастап кеткен. Президенттік жастар кадр резервіне жоғары білімі бар, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификаты бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Сондай-ақ қатысушы қазақ тілін білуі маңызды болып табылады.
Фариза Ахмет,
Шымкент қаласы