Басты бет » Жаңалықтар » Ұлттық идеология деген не?

Ұлттық идеология деген не?

Ұлттық идеологиямызға тарихымыз, тіліміз, мәдениетіміз, діни-салт түсінігіміз жатады.
Ұлттық идеологияны басқаратын адам, сол рухани санасы қалыптасқан, ұлтқа шын жанашыр имунитеті жоғары адам болуы керек. Көрінген мәдениеттің жетегінде мансабы үшін жүрген идеолог, ешқашан да ұлттық сананы қалыптастыра алмайды.
Өзінің бойына сіңбеген нәрсені, біреуге қалай сіңдірмек? Бұл туралы әлеуметтік желіде дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева жазды. 
Қазақтың ұлттық идеологиясы, қазақ атты мемлекеттің тамыры терең тарихында, тілінде, салт-дәстүрінде, діни түсінігінде болса, ол қасиет бойыңда болмаса, ондай қасиеттен жұрдай адам қалай идеологияны насихаттамақ?
Біздің мемлекеттің идеологиясы қаражаты терең қамтылған, әр салаларды басқарған әлеуметтіік желідегі ұстағанның- қолында, тістегеннің аузында жүр.
Әләуметтік желіде қарапайым салт-дәстүрді насихаттап, мынау ұлттық бас киім- орамел, кимешек десең, бұл хиджап деп, ұлттық салт-дәстүрін мәдениетін білгісі келмейтін, білмейтіндер бар.
ТАРИХЫМЫЗДА НАСИХАТТАП, ТҮРКІ ИМПЕРИЯСЫН ҚҮРҒАН Шыңғысхан қазақ халқының тарихында қазақ хандығын құрған хандардың атасы десең,ол маңғол деп,.қазақтың төл тарихын білмейтіндер бар.
Діни таным түсінікті насихаттап, әләуметтік желіде психологтарға пұтқа табынған буддаңның иогасы мен медитациясын үйреткенге, басқа дін деп айтсаң, қазақ мұсылман халық екенін, дінінің ислам екенін білмейтіндер бар.
Әр мемлекеттің өз тілі бар десең, қара халықтың ғана арасында салтанат құрған қазақ тілі, мемлекеттік деңгейде тіл құралы болмағасын, өзге тілде сөйлейтіндер ана тілінде сөйлемейтін, білмейтіндер бар.
Қазақтың киелі ұғымы әулие Қожа Ахмет Яссауи, Бекет атаны насихаттасаң, ширк қой деп, діни тарихын құрметтемейтін, білмейтін бар.
Ұлттық идеология — мемлекеттік билікте ұлттың мүддесі мен құндылығын қорғайды. Біздің мемлекетімізде ұлттық иделогиямыз заңмен қорғалған ба? Неге өз жеріңде, өз ұлтыңның құндылығы қорғалмайды?
Ұлттың идеологияның мәртебесін мемлекеттік деңгейге көтеру, халықтың намысты ұлтшылдары мен рухы биік парасат иелерінің қолынан келеді.