Басты бет » Жастар үні » Қызылордада жастар әлем чемпиондарымен жүздесті

Қызылордада жастар әлем чемпиондарымен жүздесті

«Жастар Рухы» Қызылорда облыстық филиалы мен 125highschool Қызылорда мектебінің ұйымдастыруымен «Чемпиондық Рух» жобасы және «Bir tolqynda» ашық диалог алаңы өтті.

Іс-шараға әлемдік деңгейдегі спортшылар қатысты: 2025 жылғы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали, 2022 жылғы «Қазақстан барысы» жеңімпазы, «Әлем барысы» жүлдегері Мақсат Исағабылов, пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионы Фариза Төлжан және жасөспірімдер арасында Азия және Әлем рекордын жаңартып, екінші мәрте Әлем чемпионы атанған Снежанна Бойко.

Спортшылар қатысушыларға таңғы жаттығу өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Жастар өз сауалдарын қойып, спортшылардың кәсіби жолы, өмірлік тәжірибесі және білім алудағы жетістіктері туралы ақпарат алды.


Іс-шара «Bir tolqynda» ашық диалог алаңымен жалғасты. Мектеп оқушылары мен спортшылар алдағы мақсаттары мен кәсіби жетістіктер жолындағы еңбек туралы ойларын ортаға салды.
Айта кетеміз, «Чемпиондық Рух» жобасы – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастама. Бүгінде жоба республика аумағында тұрақты түрде өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінде спорттық іс-шаралар, кездесулер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып келеді.