Енді елімізге келетін шетелдік туристерге QR-коды бар карточка бермек. Яғни, әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі, деп хабарлайды Jastar janary.
Фото: polisia.kz
Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаны жүктеуге арналған сілтеме көрсетілген.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады.
SafeTravel.kz-те:
▫️102 мобильді қосымшасы, оның ішінде SOS функциясы;
▫️Көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама;
▫️Қосымша, сілтеме мен қала картасы;
▫️Ресми такси мен онлайн-қызмет тізімі;
▫️Байланыс операторлары мен ресми сайтына сілтеме;
▫️Түрлі оқиға бойынша әрекет ету алгоритмі;
▫️Жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтің байланыс нөмірі қолжетімді.
Бұл туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруды көздейді.