Басты бет » Ұлттық құндылық (страница 2)

Ұлттық құндылық

Абай облысында 180 баланың тұсауы кесілді

ТҰсаукесер шарасы Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай  ұйымдастырылды. Шара барысында облыс бойынша бір мезетте 180 баланың, ал Семейде 40-қа жуық бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Абай облысында Наурыз мейрамына орай 300-ге жуық киіз үй тігілді. Мерекелік шаралар облыстың барлық ауданы мен қаланың барлық шағын ауданын қамтыды. Облыс әкімі Берік Уәли орталық алаңдағы киіз үйлерді аралап, Наурыз мейрамының басты оқиғасы – тұсаукесер ...

Толығырақ »

«Күй күмбірі»: 1 миллионға жуық жас танымал күйлерді орындады

«Наурыз мейрамы» мерекесіне орай 1 миллионға жуық жас қазақстандық бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындады, деп хабарлайды Jastar janary. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралары аясында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында #Күйкүмбірі республикалық челленджі өтті.  Бүгін бір мезетте 1 миллионға жуық бала «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», «Тепең көк», «Әлқисса», «Ерке сылқым» және т. б. ...

Толығырақ »

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

  Фото: egemen.kz Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған. Елімізде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту турнирлері сияқты ұлттық спорт түрлері тез танымал болып, көпшіліктің қызығушылығын оятуда. Осы ойындарды тамашалау арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрімен де таныса алады. Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. ...

Толығырақ »

Алматыда Nauryz Fashion Day сән көрсетілімі өтті

Алматыда Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне арналған Nauryz Fashion Day сән көрсетілімі өтті.    Подиумда модельдер ғана емес, ұлттық киім киген көрермендер де жүріп өтті. Көрсетілімге «Қазақ әжелері», «Мисс Қазақстан» байқауының финалистері, театр артистері мен қарапайым қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар ұлттық стильдің әртүрлілігін паш етсе, көрермендер дәстүрлі киімнің мағынасына қатысты викторинаға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Дизайнер Раушан Әнуарбекова Қазақстан ...

Толығырақ »

Астанада 3 мыңнан астам оқушы «Қамажай» биін биледі

Бүгін, 18 наурызда QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде астаналық 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте «Қамажай» халық биін билеп, жаппай орындау бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Флешмоб «Науразнама» онкүндігі аясында өтіп, Ұлттық киім күніне орайластырылды. Ұйымдастырушылар – елордалық Білім басқармасы мен Техникалық және көркем шығармашылық орталығы. «Қамажай» – қазақтың ұлттық билерінің бірі. ...

Толығырақ »

Ісмер әжелер ұлттық қолөнерді қыздарға үйретті

Астана қаласының Байқоңыр ауданында Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «80+ Әжелер» клубы оқушы қыз балалармен мерекелік кездесу өткізді. Шарада ісмер әжелер ұлттық қолөнерді дәріптеп, қыздарға тігіншілік өнері бойынша шеберлік сабағын көрсетті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайты. Әжелерге арналған «80+ Әжелер» клубы өткен жылдың жаз айларынан бастап жұмыс істейді. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында құрылған клуб зейнеткерлерге ерекше мүмкіндіктер ...

Толығырақ »

Жыр алыбы Жамбылға арналған аламан айтыс өтті

Тараз қаласында Жамбыл Жабаевтың 179 жылдығына орай «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысы өтті. Доданы «AMANAT» партиясының қолдауымен Жамбыл облысының әкімдігі ұйымдастырды, деп хабарлайды Jastar janary. Аламан айтықса Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртай, Батыржан Кәдірбай, Қалижан Білдәш, Шұғайып Сезімхан, Нұрзат Қару, Серік Қуанған, Рауан Қайдар, Мұхтар Қонарбай, Әсет Дүйсебаев, Нұрлыбек Құрманов, Рай ...

Толығырақ »

Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Заң аясында: • Тарихи-мәдени мұраны қорғау: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да тарихи ескерткіштерді сақтау шаралары күшейтіледі. • Археологиялық және реставрациялық жұмыстарды реттеу: Ғылыми зерттеулер мен қалпына келтіру жұмыстарын жүйелеу қарастырылған. • Ұлттық қолөнерді ...

Толығырақ »

Оқушылар шешендік өнерден сынға түсті

Ақын Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына орай елордалық мектеп оқушылары арасында шешендік өнерден сайыс өтті, деп хабарлайды Jastar janary Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Тілдерді және архивтерді дамыту басқармасы мен «Руханият» ҚМУ-дің ұйымдастыруымен өткен шешендік өнер сайысы елордадағы №71 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Оған лицейдің үздік жаттықтырушылары, мектепішілік және қалалық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Іс-шараның мақсаты – шешендік өнер мен қазақ тарихының ...

Толығырақ »

«Біртұтас тәрбие» сапалы ұрпақ тәбиелеуге бағытталған

Тұңғыш рет мектептерде төл құндылықтарымызға негізделген әрі қазіргі заманға лайықталған тәрбие бағдарламасы енгізілді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай аясындағы іске асқан бастамаларға тоқталды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын әзірлеуге еліміздің ең мықты деген методист-ғалымдары және Алтынсарин атындағы академия қызметкерлері атсалысты. Бұған дейін білім беруге басымдық берілсе, биылдан бастап барлық мектепке жас ерекшеліктеріне қарай бірыңғай тәрбие бағдарламасын да енгіздік. Бұның нәтижесін бірнеше ...

Толығырақ »