Ғылым – кез-келген саланы дамытатын қозғаушы күш. Ғылым дамыса, ел экономикасы өсетіні анық. Оңтүстік өңірдегі оқу орны – Дулати университеті ғалымдағы жетістіктері аз емес. Дулати университетінің PhD докторы, аға оқытушысы Дәулет Егембердиев БиоМелиорант деген бірегей биотыңайтқыш ойлап тапқан. Бұл тыңайтқыш тозған, соры шыққан жерді қалпына келтіріп, өнімділікті арттырады. Дәулет инновациялық препаратты ойлап тауып қана қоймай, өндіріске енгізді. Бүгінде ауылшаруашылық саласында ...
Толығырақ »Жастар үні
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ИНДОНЕЗИЯДА ӨТКЕН РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА 7 ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
Индонезияның Депок қаласында FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ашық ойындар өтті. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға «Antares», «124», «Заман» және «Shanyraq» командалары аттанды. 9-11 сынып оқушыларынан құрылған бұл командалардың құрамында Алматы қаласының Абай атындағы РММИ мен №124 орта мектебінің, сондай-ақ Семей қаласының Ш.Құдайбердіұлы атындағы көпсалалы мектебінің білім алушылары бар. Қазақстандық оқушылар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 150 жас робототехника жасаушылармен бірге бірнеше ...
Толығырақ »YASAWI УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ СТАРТАП ЖОБАЛАРДЫ СӘТТІ ІСКЕ АСЫРУДА
Бүгінде Ахмет Ясауи университетінде студенттер, магистранттар және докторанттардың стартап жобаларын қолдау және дамыту мақсатында ашылған «YASAWI STARTUP» бизнес инкубаторы қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы жоба аясында 60 сағаттық «YASAWI» инкубациялық бағдарламасы бекітіліп, 3 ағымда 100-ден астам студент кәсіпкерлік білім алып, оның ішінде 50 студент жоғары нәтиже көрсетті. Ал 15 стартап ...
Толығырақ »«Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының жеңімпаздары анықталды
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды. Бұл туралы Qazaqstan.tv телеграм арнасы жазды. 2023 жылдың грант иегерлері ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысында анықталды. Мәдениет және ақпарат министрі «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асатынын жеткізді. «Жоба мақсаты — белсенді, шығармашылық жастар қауымдастығын қалыптастыруға ...
Толығырақ »ЖҰБАНОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ АМЕРИКАДА ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН САБАҚ БЕРЕДІ
Жұбанов университетінің түлегі Нұрсұлтан Асылов қазіргі таңда Массачусетс штатындағы Массачусетс университетінде докторантурада оқиды. Американдық студенттерге қазақ тілін үйретіп жүрген отандасымыз әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болуда, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сүйеніп Jastar janary порталы. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі Нұрсұлтан бала күнінен шет тілдерін үйренуге қызығушылық танытқан. «15 жасымда «25 жасыма дейін көп тіл үйренемін» деп ...
Толығырақ »Испанияда білім алып жүрген қазақ жастары отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады (видео)
Испанияның Кастилья-Ла-Манча университетінде білім алып жүрген Дулати Университетінің студенттері барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ғылым және және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Толығырақ »Ұлы ғылым жолын таңдаған Ұлжан қыз
Білімді де, ойы ұшқыр, талантты жастар – біздің жарқын болашағымыз. Ғылымға ден қойып, ізденіске бет бұрған өрендердің көп болғандығы көңіл қуантады. Сондай ғылым жолында жетістікке жетіп, білім шыңына ұмтылып жүрген жастың бірі – М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті Ұлжан Қанатбек. Ұлжан бүгінде «Ауылшаруашылық қалдықтарынан және табиғи саздан мембраналы сүзгі дайындау» жобасы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Ғылыми-зерттеу аясында ...
Толығырақ »Бурхан АДИХАНОВ, «Болашақ» түлегі: Бір дипломмен шектеліп қалмай, ел танып, әлемдік білім алу – жастарға үлкен мүмкіндік
«Болашақ» – Қазақстан Республикасы Президентінің білім беру мен жан-жақты жетілдіру мақсатында құрылған бағдарлама. Аталған бағдарлама бойынша 15 мыңнан астам қазақстандық мұхит асып, шетелде білімін жетілдіріп келді. Бүгінгі таңда «Болашақ» қарапайым қазақ жастарының дүниенің төрт бұрышына барып, білім алуына жасалған теңдессіз мүмкіндік. Оған қоса, дәл «Болашақ» секілді бағдарламаның баламасы әлемде некен-саяқ екені белгілі. Бағдарлама түлектері еліміздің экономикасымен инфрақұрылымы мен жан-жақты дамуына өз ...
Толығырақ »Жанқош IBO-да әлем чемпионы атағын қорғап қалды
Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров жапондық қарсыласы Акихиро Кондоны ойсырата жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында осыған дейінгі барлық айқастарында қарсыластарына есе жіберіп көрмеген отандасымыз Жанқош Тұраров пен 37 рет қарсыласын тізе бүктірген жапондық танымал боксшы Акихиро Кондо IBO World пен WBA Gold World әлем чемпионы белдіктерін сарапқа салды. Нәтижесінде 118:110, ...
Толығырақ »Әкім жастармен кездесті
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс жастарымен кездесу өткізді. Олардың қатарында жастар ресурстық орталығының басшылары мен мамандары, өңірдің белсенді жастары, еріктілер бар. Жиын барысында жастар саясаты мен креативті индустрияны дамытуға, жастар лагері мен жастар орталығын құруға бағытталған бастама талқыланды. Облыс әкімі бүгінде жергілікті атқарушы билік тарапынан жастар үшін барынша қажетті жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды. Сапалы білім алу ...
Толығырақ »