Қызылордалық Асылжан Абдуллаев жобасына QazaqGPT деп ат қойды. Оның жобасы американдық прототиптерге қарағанда ауқымдырақ. Пайдаланып көрген адамдар қатары 2000-нан асады. «Арнайы қосымшаны наурыз айына дейін іске асырамыз. Себебі серверлер жоғалып кетпейді. Америкада өтетін байқауға өтінім жібердік. Іріктеу сынынан өтіп, жартылай финалға жолдама алдық», — дейді Асылжан Абдуллаев.
Толығырақ »Жастар үні
Ауылға барған жас дәрігерге 8,5 миллион теңге берілмек
Ауылға еңбек етуге баратын жас дәрігерлерге бірреттік ең төменгі жалақының 100 есе көлемінде көтермеақы төленетін болды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының шеңберінде біз ауылға баратын жас мамандарға, соның ішінде бір медицина қызметкеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеуге қаржы бөлдіру туралы уәде берген болатынбыз. Ал бұл көрсеткіш ...
Толығырақ »Оқушылармен «Объективте – қауіпсіздік!» акциясы өтті
Жетісу облысының мектеп парламенттерінің Төтенше жағдайлар министрлерімен және «Жас құтқарушы» кадет сыныптарының оқушыларымен «Объективте – қауіпсіздік!» акциясы өтті. Акцияның мақсаты — оқушылар мен оқытушылар арасындағы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, күнделікті өмірдегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Оқушылар сарайының ғимаратында шағын көрме ұйымдастырылды, онда оқушылар құтқарушылардың авариялық-құтқару және жеке қорғану құралдарымен көрнекті түрде танысты. ТЖ министрлері мен жас құтқарушыларға өрт сөндірушілер және ...
Толығырақ »«ДОСБОЛLIKE» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ
Оқу-ағарту министрлігі мектептердегі әлеуметтік-эмоционалдық ахуалды жақсарту мақсатында «ДОСБОЛLIKE» республикалық акциясын бастады. Бұл туралы министрлік телеграм арнасында хабарлады. Елімізде «ДосболLIKE» республикалық акциясы басталды. Ол мектептердегі әлеуметтік-эмоциялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Акцияның мақсаты − ынтымақтастық арқылы оң қарым-қатынастың ең жақсы жолдарын табу және білім беру мекемелерінде достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін оқушылар қауымдастығын біріктіру. «ДосболLIKE» акциясы 2024 жылдың 17 қаңтарынан 17 ақпанына дейін ...
Толығырақ »ПТК арнасы: «Жалған ақпараттағы» шынайы әзіл
Сыр өңірінің үздік әзілкештері жылдан жылға танылып, мықтылар қатарынан көрініп жүр. Соның ішінде «ПТК арнасы» да ерекше форматпен елге танылды. Журналистика саласының бірегей жанрын қолдана отырып, халыққа өтімді туындылардын жарыққа шығарды. Арна ел сүйіспеншілігіне бөленіп, облыс мақтанышына айналып үлгерді, деп хабарлайды «Ақмешіт жастары» желілік басылымы. – Бұл арнаны құру идеясын алға тартқан Ислам Нұрмағамбетов. Медиа саласы сұранысқа ие, жақсы табыс ...
Толығырақ »Табиғат пен ғылымды ұштастырған ғалым
Ғылым – кез-келген саланы дамытатын қозғаушы күш. Ғылым дамыса, ел экономикасы өсетіні анық. Оңтүстік өңірдегі оқу орны – Дулати университеті ғалымдағы жетістіктері аз емес. Дулати университетінің PhD докторы, аға оқытушысы Дәулет Егембердиев БиоМелиорант деген бірегей биотыңайтқыш ойлап тапқан. Бұл тыңайтқыш тозған, соры шыққан жерді қалпына келтіріп, өнімділікті арттырады. Дәулет инновациялық препаратты ойлап тауып қана қоймай, өндіріске енгізді. Бүгінде ауылшаруашылық саласында ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ИНДОНЕЗИЯДА ӨТКЕН РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА 7 ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
Индонезияның Депок қаласында FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ашық ойындар өтті. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға «Antares», «124», «Заман» және «Shanyraq» командалары аттанды. 9-11 сынып оқушыларынан құрылған бұл командалардың құрамында Алматы қаласының Абай атындағы РММИ мен №124 орта мектебінің, сондай-ақ Семей қаласының Ш.Құдайбердіұлы атындағы көпсалалы мектебінің білім алушылары бар. Қазақстандық оқушылар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 150 жас робототехника жасаушылармен бірге бірнеше ...
Толығырақ »YASAWI УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ СТАРТАП ЖОБАЛАРДЫ СӘТТІ ІСКЕ АСЫРУДА
Бүгінде Ахмет Ясауи университетінде студенттер, магистранттар және докторанттардың стартап жобаларын қолдау және дамыту мақсатында ашылған «YASAWI STARTUP» бизнес инкубаторы қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы жоба аясында 60 сағаттық «YASAWI» инкубациялық бағдарламасы бекітіліп, 3 ағымда 100-ден астам студент кәсіпкерлік білім алып, оның ішінде 50 студент жоғары нәтиже көрсетті. Ал 15 стартап ...
Толығырақ »«Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының жеңімпаздары анықталды
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды. Бұл туралы Qazaqstan.tv телеграм арнасы жазды. 2023 жылдың грант иегерлері ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысында анықталды. Мәдениет және ақпарат министрі «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асатынын жеткізді. «Жоба мақсаты — белсенді, шығармашылық жастар қауымдастығын қалыптастыруға ...
Толығырақ »ЖҰБАНОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ АМЕРИКАДА ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН САБАҚ БЕРЕДІ
Жұбанов университетінің түлегі Нұрсұлтан Асылов қазіргі таңда Массачусетс штатындағы Массачусетс университетінде докторантурада оқиды. Американдық студенттерге қазақ тілін үйретіп жүрген отандасымыз әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болуда, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сүйеніп Jastar janary порталы. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі Нұрсұлтан бала күнінен шет тілдерін үйренуге қызығушылық танытқан. «15 жасымда «25 жасыма дейін көп тіл үйренемін» деп ...
Толығырақ »