Басты бет » Жаңалықтар (страница 116)

Жаңалықтар

ЕСКІ МЕНЕН ЖАҢА ТҰР АУЫСҚАЛЫ…

Әділбек Қаба Үміт келді! Алашым! Ұлыс келді! Бақыт келді! Сол жылмен Ырыс келді! Қытымыр қыстан аман шыққан жұртым, Көктемде кеңейеді тыныс та енді. Ауыспалы… бәрі де ауыспалы, Ескі менен жаңа тұр ауысқалы… Көктеммен бақ, береке, шаттық енер, Тыраулап құс жеткенде алыстағы. Ұлықта Ұлы Қазақ Ұлысыңды, Жамандық тарылтпасын тынысыңды. Шенділер еселесін Ұлу жылы, Тышқаншылап тасымай ырысыңды. Кел, Наурыз! Сен едің сағынғаным, ...

Толығырақ »

ЕНШІ

Енші – ата-ана мүлкінің балаға тиісті үлесі Қазақтың әдет-ғұрыпы бойынша қыздардың әке мүлкіне мұрагерлікке құқығы жоқ деп есептелінген. Бұған тек ұлдар, дәлірек айтқанда, кенже ұл ғана құқылы болған. Бұл бір жағынан дұрыс, бірақ ескеретін жәйттар бар. Барлық балалар, соның ішінде қыздар да әкенің мүлкінде үлеске ие. Оның үстіне қыздар өз үлесін екі рет алады. Үлкен ұл-қыздарға өз үлесі әкесі қайтыс ...

Толығырақ »

Қазақ еліне қайта оралған Наурыз!

Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! МҰХТАР ШАХАНОВ: 1988 жылы да — мен үшін рухани жеңіс жылы. Колбинмен және бір топ өз ұлтымыздың нигилистерімен өткен мылтықсыз шайқаста асығым алшысынан түсті. «Наурыз — ислам дінінің қалдығы» деген сыңаржақ пікірді малданып, көлденең тұрмақ болғандар жеңілді. Кең байтақ, қазақ жеріне, іле-шала күллі Орта Азияға 62 жылғы үзілістен соң «Наурыз» мерекесінің қайта оралуына септігім ...

Толығырақ »

НАУРЫЗ – табиғат мерекесі

Журналист М.Алмасбекұлының Наурыз туралы шығыстанушы, дипломат Сайлау Батырша-ұлынан алған сұхбатын жариялап отырмыз. Қазақ халқы басқа Орталық Азия халықтарымен бірге Наурыз мерекесін Жаңа жыл ретінде атап келді. Совет кезеңінде 1920 жылы Түркістан республикасы атқару комитетінің төрағасы Тұрар Рысқұлұлы «Наурыз» мерекесін тойлау туралы бұйрық шығарған, алайда кейін бұл мейрамды Мәскеу ресми түрде атап өтуге тыйым салды. 1988 жылы халықтың талабымен, қазақ зиялыларының ...

Толығырақ »

Шекелік

Шекелік – ауырлау келген сырғаның бір түрі. Оны құлақтың сырғалығын жырып кетпеуі үшін бас киімге немесе самайға іледі. Сол себепті самайсырға деп те атайды. Қазақтың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын сынды басқа да асыл және түсті металдарға бай ...

Толығырақ »

Көрші деген кім?

Сурет: https://chto-takoe-lyubov.net/ Көршіңе қатысты 27 нәрсені біліп жүр: 1. Кісі үйінің төрт жағынан (оң, сол, алды, арты) қырық үй көрші болып саналады. 2. Көршілердің ар-намысына тіл тигізбей, оларға жамандық жасаудан аулақ болу керек; 3. Жақын көршісі аш болып, өзінің тоқ жатуы адамдыққа жараспайды; 4. Көршіні сөзбен жəне іспен ренжітпеу керек; 5. Көршінің үйіне жəне ауласына рұқсатсыз көз тастауға, рұқсатсыз кіруге ...

Толығырақ »

Наурыз — Ұлыстың ұлы күні!

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі. Наурыз — адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын шаруа мерекесі. Наурыз — әрбір шаңыраққа шыраққа шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құ-береке тілеп, ертеңгі ...

Толығырақ »

Мұқағали Мақатаев. НАУРЫЗ

Ақпан кетті араз боп наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген, Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен. Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып, Қыс барады қиылып, жылап тұрып. Шатырында үйлердің наурыз жүр, Мұз көргісін ақпанның лақтырып. Тозған тонын бойына кие алмай бір, Қайда барса қарт Аяз сыя алмай жүр. Асқар таулар атасын шақырады, Ой мен қырын атасы қия алмай жүр. Қарар емес наурыз атағына, ...

Толығырақ »

TikTok-та Наурызға арналған онлайн-фестиваль өтеді

Ұйымдастырушылар – Мәдениет және ақпарат, спорт министрлігі мен TikTok платформасы. Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған фестиваль жүлдегерлері бағалы сыйлықтарға ие болады.  Байқауға қатысушылар «Наурыз-2024» хэштегімен мерекеге қатысты тағамдар әзірлеп, ұлттық сән үлгілерін көрсетіп, аңыздар мен дәстүрлерден музыка мен биді жариялайды. Челлендждің қорытындысы 22 сәуірде шығады. @qazaqstantv

Толығырақ »

«Менің елім – менің тілім»: Қазақ тілін үйренушілер қатары артуда

Тегін қазақша үйрету, сөйлету қаншалықты тиімді? Жастар қаншалықты ауызекі тілде диалект сөздерді қолданады? Азаматтар ана тілдің мәртебесін, қазақша контентті дамытуда қандай жұмыстар атқаруда? Осы аталғандар «Менің елім – менің тілім» жобасының алаңында талқыланды. Жастармен еркін кездесуді «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырып, «Сөйле» спикинг клубының мүшелерінің ойын ортаға салды.  Дискуссияға «Жастар Рухы» ЖҚ төраға міндетін атқарушы Ақерке Искандерова, «Менің ...

Толығырақ »