Басты бет » Жаңалықтар (страница 102)

Жаңалықтар

Елімізде 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүрген болатын. 4 айға созылған құжат қабылдау науқаны кезінде қазақстандықтар 400 мыңға жуық өтініш келіп түскенін Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Енді мектептер сапалы дайындыққа және оқу процесін ұйымдастыруға, сынып түгендеуге кіріседі. Жаздың соңғы айын мектептер тиімді пайдаланады», – деп атап өтті білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім ...

Толығырақ »

Қазақстан Туы. Канада. Imanbek. Жанкүйер қошеметі

Белгілі қазақстандық диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) Канаданың Торонто қаласында өткен Veld Music Festival атты музыкалық фестивалінде өнер көрсетті. Imanbek өзінің инстаграм парақшасында фестиваль барысындағы видеомен бөлісті.  Видеода Imanbek пен BYOR-дың «Belly Dancer» атты трегі ойналуда. Осы жылдың шілде айында аталған трекке анимациялық клип түсірілген. 29-31 шілде аралығында өткен фестивальде отандасымыз соңғы күні өнер көрсетті. Imanbek-тің өнер көрсету сәтінде мыңдаған жаткүйерлері ...

Толығырақ »

АЛМАТЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ХАЛЫҚ АРТИСІ РОЗА ӘШІРБЕКОВАМЕН ҚОШТАСТЫ

    Қазақ театр сахнасында шоқтығы биік бейнелерді сомдауымен есте қалған талантты өнер саңлағымен қоштасуға келген халықтың қарасы қалың болды. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға өнер иесінің ұзақ жылдар бір театрда қызмет еткен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрындағы әріптестері, жақындары мен өнердегі достары келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады. Роза Әшірбекова – өнерге ерте қанат қағып, күллі ...

Толығырақ »

«Алашқа тағзым» шеруі мемлекеттік деңгейде өткізіледі

«Ақ жол» партиясының «Алашқа тағзым» шеруі мемлекеттік деңгейде өткізіледі Биыл мемлекеттік деңгейде «Алашқа тағзым» шеруі өткізілмек. Бұл жайында осы жылдың 29 маусымында “Ақ жол” депутаты Берік Дүйсембиновтың жария еткен депутаттық сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жалпы, қоғам ішінде үлкен қолдауға ие болған «Алашқа тағзым» шеруін дәстүрлі түрде өткізуді 2018 жылы «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты ...

Толығырақ »

АНАСЫН ІЗДЕГЕН ҰЛ

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле ДОСЖАН (ӘҢГІМЕ) – Менің анамды көрдіңіз бе? Ол қорғансыз болатын. Одан әкем мені тартып алып, қаңғытып жіберіпті, Қазақстанда деп естіп іздеп келемін, – деді бозбала. Олар Түркиядан ұшып келе жатты. Жанындағы әкесі бір кездегі қатігездігінен Құдайдың қаһарына ұшыраған ба, арбаға таңылыпты. Мүгедек демесең – тап-таза киінген, келбетті, сырбаздығы сыртына теуіп сызданады. Қос дөңгелекті арба, ұшақтың ...

Толығырақ »

Салтанат Байқошқарова, репродуктолог: ТҰҢҒЫШЫМЫЗ 26 ЖАСТА

Осыдан тура 26 жыл бұрын 1996 жылдың 31 шілдесі күні Қазақстанда  ЭКО әдісімен алғашқы нәресте туылды. Бүгінде бойжеткен Оксфордта университет бітіріп, Лондонда жұмыс істеп жатыр. Салтанат Байқошқарова – еліміздің көптеген отбасыларына ата-ана болу бақытын сыйлаған белгілі репродуктолог-эмбриолог дәрігер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. – Экомед зертханасында ұрықтандырып өзім микроскоппен бақылаған еліміздің тұңғыш ЭКО-сәбиі бүгін 26 жасқа толып отыр. Бүгіндей ...

Толығырақ »

Төрегелді ШАРМАНОВ: Жастар еттен бас тартпауы керек

Қазақ тағамтану академиясының академигі, Медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шарманов   Жастарға еттен бас тартуға болмайды. Өйткені, ет ақуыз ретінде организмнің иммунитетін нығайтуға, пластикалық материал болып, жігіттердің бұлшықетінің шымыр-мықты, бойжеткендердің сымбатты болуын қамтамасыз етеді. Сурет: https://e-history.kz/ Сонымен қатар, жыныс бездерінің жұмысы үшін ет тағамдарының маңызы зор. Көкөністі тағамдардың да берері көп, витаминдер мен минералдық заттардың қайнар көзі. Көкөністі тағамдар зат ...

Толығырақ »

АҚШ-та өткен жас таланттардың 25-ші Әлем чемпионатында отандастарымыз үздік танылды

АҚШ-тың Калифорния штаты Лос Анджелес қаласында жас таланттардың 25-ші Әлем чемпионатында қазақстандық ерекеше балалардан құралған «Sensitive» би ансамблі мен модель Артем Радица жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Артем әлемдік деңгейдегі үш модельдік агенттіктен жұмысқа шақырту алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы

Толығырақ »

Батырдан ғибрат

Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы: «Қыздың намысын ер-азамат қорғауы – парыз. Өзінің анасын – ана, өзінің қарындасын қарындас көріп, басқаның анасын, апа-қарындасын әншейін ұрғашы санайтын санасыз бөріктілер бар. Ананы ардақтаған, қызды қадірлеген еркек заты ғана азамат атына лайық. Әйтпесе шалбарды кім кимейді дейсің?! Жылан да, ара да гүлдің нәрін сорады. Бірақ біреуі – бал, біреуі у жасайды. Еркек атын ...

Толығырақ »

Ізгі қасиетімен әлемге танылған қазақ баласы

Қайырымды ісімен танылған қазақ. Австралияда тұратын отандасымыз Рустам Разиев бүгінде тек мұхиттың арғы жағында емес, өзінің игі қадамдарымен әлемге таныла бастады. 4 млн-ға жуық халқы бар Мельбурн шаһары оны өзінің туғанындай санайды. Себебі, қазақтың қарапайым баласы мұқтаж жандарға әрқашан қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп келеді.  Қайырымды жан туралы «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі Дарын Сағитов арнайы репортаж дайындаған екен. Аталған репортажды ...

Толығырақ »