Басты бет » Әдеби әлем (страница 4)

Әдеби әлем

Абай жолы – ғасыр туындысы

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопиясы – ХХ ғасырдың қазақ және әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған жауһар туынды. «Абай жолы» – ана тіліміздегі алғашқы роман-эпопия болумен қатар, қазақ халқының кемеңгер перзенті Абай мен еліміздің жартығасырлық ғұмыр тарихын танытарлық көркем шежіре. Бұл шығарма – қазақ халқының ұлттық дәстүрін, болмыс-бітімін, тартысты тағдырын жан жақты зерттеумен көрсете білген танымдық әрі көркемдік қуаты мол туынды. ...

Толығырақ »

ЕМТИХАН

(«Ақ самаурын» кітабынан) Менің Жұмабек деген ағамның бір басына жететін қырсықтығы бар. Ертеректе жекеменшік оқу орындарының біріне сырттай оқуға құжат тапсырып, жасы ұлғайғанда студент атанған болатын. Ақылы бөлім ғой… Содан жаңа жылдың алдында үйіне әлгі оқу орнынан «Пәлен күні қысқы емтихандар басталады» деген хат келіпті. Атақты көк костюм-шалбарды киіп (өзінің айтуы), аппақ «Джипті» мініп, Жұмекең айтылған күні универге жетіп барған ...

Толығырақ »

Толымбек Әлімбекұлы. ҚАЙРАН, БАСТЫҚ!

Толымбек  Әлімбекұлы АҚЫРЗАМАН Естуімізше ақырзаман болғанда Онда тірлік оңған ба?! Аспан айналып жерге түседі Оның салмағы елге түседі. Жер аспанға шықпайды, Құлдилап барып көрге түседі. Ауаның температурасы Не көтерілмей, не төмендемей, Нөлге түседі. Мал адам болады да, Адамдар мал болады. Шалдар кемпір, Кемпірлер шал болады. Қыздар ұл болады да Ал атпалдай ұл қыз болады. Жұлдыздар әртіске айналып, Әртістер жұлдыз болады. ...

Толығырақ »

ОН ТЕҢГЕ

Бір адам ұтыс ойынынан он миллион теңге ұтып алады. Ол бұған дейін де осыны ойнап келген, бірақ ешқашан ұтып көрмеген, бұл жолы ірі ұтысқа ие болды, мол олжаға кенелді. Дос-жараны «кедей жігіт бұл қыруар қаражатты қайда жұмсайды, жақсы үй, көлік алатын болар» деп ойлайды. Оны сыртынан барлығы «миллионер» атап та кеткен. Бірақ «миллионер жігіт» олар күткендей әрекетке бармады. Жұпыны үйі, ...

Толығырақ »

ҚАРАПАЙЫМ АДАМ

Ірі құрылыс компаниясына жаңадан басшы тағайындалды. Жұмысы қожырап қалған саланы бірден қолына алып, өрге сүйреді. Аз уақыттың ішінде компания тұралаудан тұрып, қарыздан құтылып, қарқынды даму жолына түсті. Байқадам Мұратұлының бұл ұжымға басшы болып келгеніне де бес жыл өтіпті. Бір күні Байқадам әріптестерін үйіне қонаққа шақырды. Бәрі келетін болды. Келді де. Басшының үйі көп қабатты үйдің бесінші қабатында орналасқан үш бөлмелі ...

Толығырақ »

Жас жазушыларға арналған президенттік сыйақы тағайындалады

Биыл жас қаламгерлерді қолдау мақсатында Президенттің арнайы әдеби сыйлығы тағайындалады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды Jastar janary порталы Egemen.kz-ке сілтеме жасап. «Отандық әдебиетті жаңа ағыммен толықтыру және ұлтымыздың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, сондай-ақ қазақстандық әдебиет пен баспаларға тың серпін беру мақсатында «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы енгізілді. Игі дәстүрді одан әрі дамыту мақсатында биыл ...

Толығырақ »

Жадыра ШАМҰРАТОВА. Төртбұрыш адамның бір күні

(Новелла) Жадыра Шамұратова Түні бойы компьютер мен телефонға тесілген көзіме бірауық еркіндік бермекші болып, он бесінші қабаттан терезеге телміремін. Көліктер таң атар-атпастан дөңгелегінен лай шашырап, айналасын газға бөктіре заулайды, Қабанбайдың бойын у-шу мен бажылға толтырып өрт сөндіргіш машина мен жедел жәрдем көлігі өтіп барады. ЛРТ-ның тігінен қойған тас табыттар секілді табандары меңіреу мелшиеді. Бұрын осы жерден күннің қызыл жалқынданып, айналасына ...

Толығырақ »

Оралханның Шерханға жазған хаты

Оралхан еске түскендегі елес пен ойлар мақаласынан Мен алпысқа толғанда Оралхан маған арнап екі-ақ абзац сөз жазды. Бірақ сол екі ауыз сөзге ол ширек ғасыр бірге болған ғұмырымызды сыйдырып жіберді. «Аға! Мен Сізді ешқашанда аты-жөніңізбен атаған емеспін. Ең алғаш көргеннен бастап «Аға» деп амандастым және сол 1967 жылдан бері туған ағадай шыншыл көңілмен сыйлап, құрмет тұтып келемін. Бәлкім, осынау алдымен ...

Толығырақ »

АНАСЫН ІЗДЕГЕН ҰЛ

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле ДОСЖАН (ӘҢГІМЕ) – Менің анамды көрдіңіз бе? Ол қорғансыз болатын. Одан әкем мені тартып алып, қаңғытып жіберіпті, Қазақстанда деп естіп іздеп келемін, – деді бозбала. Олар Түркиядан ұшып келе жатты. Жанындағы әкесі бір кездегі қатігездігінен Құдайдың қаһарына ұшыраған ба, арбаға таңылыпты. Мүгедек демесең – тап-таза киінген, келбетті, сырбаздығы сыртына теуіп сызданады. Қос дөңгелекті арба, ұшақтың ...

Толығырақ »

Жақсы ит

(Әңгіме) Сурет: https://sunmag.me/ Арланның иесі үйін сатуға қойып, өздері қалаға көшіп кетті. Иесіз қалған иттің жарытып ас ішпегеніне аптадан асты. Көшуге әрекет жасалып, көлік­тер қақпадан еніп, заттар түй­дек-түйдек теңге айналып, буын­шақ-түйіншектер көлікке артыла бастағанда ғана көшірісіп жатқан­дар байлаулы тұрған Арлан­ға назар аударды. Бірі «босатып жіберейік!» десе, енді бірі «босқа қаңғыртқанша атып тастаған жөн шығар» деді. Иттің аянышты түрін көрген көршісі ...

Толығырақ »