Оқу-ағарту министрлігі жазғы маусымға дайындық жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Jastar janary. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде еліміз бойынша 3,1 миллионнан астам бала сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалармен қамтылатын болады. Оның ішінде 500 мыңнан астамы – әлеуметтік осал санаттағы балалар. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 10 мың бала жазғы демалысын тегін өткізу мүмкіндігіне ие болады. Жазғы демалыс бағдарламасы әртүрлі ...
Толығырақ »Архив блога
ЕЛДЕГІ ЕҢ ЖАС «ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ» НЕГЕ ЕЛЕУСІЗ?!
Батысқазақстандық математика және қазақ тілі пәнінің ұстаздары Астана қаласында өткен республикалық білім додасында топ жарды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық мега жобаның жеңімпаздарының ішінде сырымдық педагог, дарынды балаларға арналған Сырым мектеп-лицейінінің математика пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Жәнібек бар екенін мақтанышпен хабарлаймыз. «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебі ұйымдастырған жобаға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 100 мұғалімі ...
Толығырақ »ЖЕҢІС КҮНІ: Алматыда өткен дрондар шоуын 60 мыңнан астам адам тамашалады (видео)
9 мамыр күні Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды дрондар шоуы өтті. Бұл әсерлі көрініс мерекенің келбетін айшықтай түсті. Осы сәтте 500-ден астам дрон көкке көтеріліп, жарық пен анимация арқылы ерлік пен жанқиярлықты, есте қалған ерлікке толы сәттерді баяндады. Көкте «Жеңіс күні кұтты болсын!», «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» деген жазулар жазылып, Кеңес одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәшүк пен Әлияның ...
Толығырақ »Президент Мәскеудегі парадта Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті
Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті. Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты. Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.
Толығырақ »ӘЙГІЛІ ҰШҚЫШ ИВАН КОЖЕДУБТЫҢ БОРТМЕХАНИГІ БОЛҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ КІМ?
Тұрар СӘТТАРҚЫЗЫ, этнолог-тарихшы, журналист ӘЙГІЛІ ҰШҚЫШ ИВАН КОЖЕДУБТЫҢ БОРТМЕХАНИГІ БОЛҒАН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ, КӨКШЕТАУЛЫҚ МӘДИНА ЫСҚАҚОВАНЫ БІЛЕМІЗ БЕ? Жазып отырған кейіпкерімнің қызы – Аягөз қажымен көп жылдардан бері таныспын. Бұл мақаланы да жылда саламын. Неге дейсіздер ғой?! «Аруақ разы болмай, тірі байымайды» деген халқымыз. Мәдина апамыздың рухы разы болсын деймін. Бұл құрмет кейінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін қажет. Соғыс көрген әйелдер ...
Толығырақ »Астанада әскери әндер челленджі өтті
Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Соғыста да ән шырқаған» атты әскери-патриоттық әндерді орындаудан челлендж өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Аталған шараның басты мақсаты – әскери-патриоттық әндерді насихаттау және тарихи тұлғаларымыздың ерлігі мен өнегесіне құрмет көрсету. Ән челленджіне қатысқан әр ауданның өнер ұжымдары патриоттық әндер орындап, Отанға деген сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізді. Челленджге ...
Толығырақ »Батыр туралы баллада
Абдрахман Асылбек Алыстан тауды дәрпі бар – Қасына келсең, обадай. Алыстан дәудің дәрпі бар – Қасына келсең, баладай. (Халық нақылы) 1 Мың тоғыз жұз қырық бестің сәуірі – Қанға бөккен қара жердің сауыры. Қайғы-мұңнан тұрды белі қайысып, Түсіп оған бар салмақтың ауыры. Толастамай оқтың нөсер жауыны, Адамзаттың езіліп ет-бауыры, Қылғындырып қайғы-кегі халықтың, Өшіп бара жатты ақтық жау үні. Сәуірдің сол ...
Толығырақ »Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті
7 мамыр – Отан қорғаушы күні Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам салтанатты іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Мемлекет басшысы парадта сөйлеген сөзінде Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлемге үлкен сабақ болғанын атап өтті. – Біз ...
Толығырақ »Мәншүк батыр атағын қалай алды?
HALYQLINE.KZ Мәншүк Мәметова 1922 жылдың 23 қазанында Орал губерниясындағы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданындағы Жиекқұм елді мекенінде дүниеге келді. Азамат соғысынан кейінгі елді жайлаған аштық кезінде көтеріп, босанған анасы Тойлышы да, әкесі Жиенғали да аурушаң еді. Жиенғали Мәметов Байұлының Шеркеш руынан еді. Анасы Тойылша кішкентай қызын «Моншағым» деп еркелеткесін, атың кім деп сұрағанда Мәнсия «Мәншүк» деп жауап қайтарғандықтан, Мәншүк ...
Толығырақ »Отанды қорғау – қасиетті парыз: Алғашқы әскери дайындық пәні не үйретеді?
Бүгінгі бозбала ертеңгі күні жігіттік жасқа жетіп, әскер қатарына қосылады. Елін, жерін қорғап айбынды сарбаз ретінде Отан алдындағы парызын өтейді. Әрбір ер азаматтың Отан алдындағы міндеті – әскерге бару. Бүгін – Отан қорғаушылар күні. Айтулы мерекемен барша еліміздің тыныштығын күзетіп, Отанын қорғап жүрген азаматтарды құттықтаймыз! Біз бүгін мерекеге орай мектептегі Алғашқы әскери дайындық пәні жайлы әңгімелемекпіз. Бүгінгі кейіпкеріміз – мектеп ...
Толығырақ »