Президент халыққа арнаған Жолдауында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тазалық мәселесін де көтерді. – Қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек. Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, бұл баршаңызға аян. Осы жұмысқа миллиондаған азаматымыз атсалысуда. Жұрт болып жұмылудың арқасында 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт миллионнан астам ағаш ...
Толығырақ »Архив блога
Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс»
Фото: egemen.kz «Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс. Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға ...
Толығырақ »Талантты жас кондитер – Асылжан
Оқу-ағарту министрлігі Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Мамандыққа жол» айдарын түрлі салада білім алып жүрген белсенді жастарды таныту, олардың өздерінің болашақ мамандықтарына деген сүйіспеншілігі мен ынта-ықыласын арттыру мақсатында қолға алды.«Мамандыққа жол» айдарының кезекті кейіпкері Павлодар технологиялық колледжінің – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 2-курс студенті Асылжан Мейрам. Оның ұннан жасалған кондитер өнімдерін пісіру саласында төрт жылдан астам тәжірибесі бар. Мейрамның бала кезіндегі қызығушылығы ...
Толығырақ »Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Жастардың күш-жігеріне, дарыны мен біліміне сенемін
Фото: khabar.kz Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық. Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың ...
Толығырақ »Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек»
– Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды ...
Толығырақ »Alatau Сity – Қазақстанның алғашқы цифрлық қаласы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жаңа Alatau Сity қалаға ерекше мәртебе берілетінін айтты. – Алатау қаласы Үкіметке бағынатын жаңа мәртебеге ие болып, толықтай цифрланған қалаға айналады, – деді Қ.Тоқаев. Президент Үкіметке 10 күн ішінде қаланың ерекше мәртебесі туралы заң әзірлеуді тапсырды. Қытай корпорациясы Alatau City құрылысына қатысады. Жаңа қала Қытай шекарасына жақын орналасқан, яғни бұл шаһар Қытай экономикасымен байланыс ...
Толығырақ »Солтүстік бұғазды жүзіп өткен тұңғыш қазақ қызы
Ирландия мен Шотландия аралығындағы Солтүстік бұғазды ең алғаш рет жүзіп өткен қазақ қызы – Әнел Сыдықова. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әнел Сыдықова – Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ең күрделі маршрут саналатын қашықтықты 4 қыркүйекте 16 сағат 36 минут 19 секундта бағындырған. Осылайша, отандасымыз Солтүстік бұғазды жүзіп өткен 185 адамның қатарына енді. «Барлық 4 қатысушы сәтті финишке жетті. ...
Толығырақ »90 жылдық ғұмыр: ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМЫНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРМЕК
1935 жылы қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың бастамасымен негізі қаланған Республиканың тұңғыш қуыршақ театры биыл 90 жылдық мерейлі белесін атап өтуде. Қазақ сахна өнерінің ерекше саласы саналатын бұл өнер ордасы талай буынның балалық шағына шаттық сыйлап, ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Тоқсан жылдық тарихында театр көркемдік ізденістер мен шығармашылық жетістіктерге толы жолды еңсерді. Өнер ордасы ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні, ...
Толығырақ »Ахмет Байтұрсынұлы туралы 10 дерек
Бүгін – қазақ тіл білімінің негізін салушы, халқын «Маса» боп шағып, оятып, оқу-білімге шақырған қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Айтулы күнге орай ғалым ұстаз туралы 10 дерек ұсынамыз. 1. Ахмет Байтұрсынұлының азан шақырып атын қойған – атасы Шошақ. 2. Ол А. Пушкин, М. Лермонтов, Ф. Вольтер, С. Надсон өлеңдерін қазақшаға аударды. 3. Орынбор, Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ ...
Толығырақ »Темірланға еліктеген кішкентай ізбасарлар өсіп келеді
«1001 түн» бағдарламасында Қазақстан Футзал қауымдастығының медиа офицері Әлімжан Тасболатұлы Темірлан Анарбековтің Ұлттық құрамаға қалай қабылданғаны жайында айтты. «Кеңейтілген тізімде Темірлан Анарбеков болмады. Бұл оқиғаны тағдыр деуге болатын шығар. Өйткені негізгі қақпашы Заруцкий жарақатына байланысты ойнай алмады. Оның орнына Темірлан шықты. Қазақ футболында жаңа жұлдыз пайда болды. Оның жеңісі тек ерлерді немесе футболсүйер қауымды шабыттандырып қана қойған жоқ. Темірланды кумир ...
Толығырақ »