Басты бет » Жаңалықтар » Заңсыз вейп саудасының жолы кесілді: Күдіктіден 4 млн теңгенің тауары тәркіленді

Заңсыз вейп саудасының жолы кесілді: Күдіктіден 4 млн теңгенің тауары тәркіленді

Шымкентте полиция қызметкерлері электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сатумен айналысқан азаматты ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің автокөлігінен жалпы саны 400 вейп табылып, тәркіленді. Өнімдердің жалпы құны — 4 миллион теңге.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция ескертеді:
елімізде электрондық тұтыну жүйелерін, яғни вейптерді сатуға, таратуға, әкелуге және өндіруге заңмен қатаң тыйым салынады. Аталған талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

POLICE.KZ

Фотосурет бейнежазбадан скриншотталды