Басты бет » Жаңалықтар » «КЕЛ, БОЯМАҚ БОЯЙЫҚ!»: Ұлттық балалар боямақтары таныстырылды

«КЕЛ, БОЯМАҚ БОЯЙЫҚ!»: Ұлттық балалар боямақтары таныстырылды

15 қыркүйекте ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен «KITAP Time» фестивалі өтті. Фестиваль аясында Ұлттық балалар боямақтарын таныстыруға арналған «Кел, боямақ бояйық!» шарасы ұйымдастырылды.

Шараға Ұлттық академиялық кітапхана, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты, Республикалық «Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі қолдау білдірді.

Балаларды Республикалық «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің жетекшісі Тұрар Сәттарқызы құттықтап сөз сөйледі. Ұлттық боямақтардың маңыздылығына тоқталды.

– Құрметті балапандар! Біз балабақша балғындарына ертегі оқып жүргенде Ұлттық балалар боямақтарын үнемі сыйлаймыз. Бұл боямақтар ұлтымыздың құндылығын көрсетеді. Ертегілері бар. Сол ертегілерді оқып, рухани баи отырып, суреттерін бояйсыңдар, – деді Тұрар Сәттарқызы.

Шараға мектеп, балабақша балғындары қатысып, арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ, қол күресі сынды ұлттық ойындар ойнап сайысқа түсті, ертегі тыңдады. Көлемді боямақтар бояп жарысты. Шара көңілді өтті. Балаларға Алғысхаттармен марапатталып, кітаптар мен боямақтар сыйлыққа берілді. Балалар қуанышты тарқасты.

Ұлттық боямақтар жобасын дамытып, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді балалардың бойына ерте жастан сіңіру аса маңызды.