Қошқарды қазақ қатты қадірлейді.
«Бурада айдаһардың екі түгі, қошқарда бір түгі бар, сондықтан адамға айбарлы көрінеді» деп есептейді.
Қошқар мүйізді өрнектер қазақ ою-өрнектерінде өте көп кезігеді. Ол қуаттылықтың, жақсылықтың, молшылықтың белгісін білдірген.
Ұрпақтарының осындай болуын арман еткен адамдар бала-шағаларына арнап жасаған бұйымдарына қошқармүйіз өрнегін көп түсірген.