Қазақстандық киберспортшы Данил molodoy Голубенко HLTV нұсқасы бойынша CS2-ден «Жылдың үздік жаңалығы» атанды. Марапат Белградта өткен HLTV Awards рәсімінде табысталды. Бұл туралы Tengri.kz телеграм арнасы жазды деп хабарлайды Jastar janary.
Бразилиялық FURIA сапында өнер көрсететін AWP-мерген бұл аталымда kyousuke (Falcons) пен makazze (Natus Vincere) ойыншыларын басып озды. Сахнаға ұлттық шапанмен шыққан Данил туған күнімен тұспа-тұс келген сәтте Қазақстанға және командасына алғыс айтты.
Айта кетейік, Голубенко FURIA құрамымен Астанада өткен PGL турнирінде жартылай финалға жеткен. Сондай-ақ Thunderpick World Championship 2025, Blast Rivals 2025 Season 2, FISSURE Playground 2 және IEM Chengdu турнирлерінде жеңіске жетіп, соңғы екеуінде ең үздік ойыншы атанған.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
