Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында еліміздің мектептерін қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанын жеткізді. Ол бұл туралы Үкімет отырысында баяндады.
Бұл қандай ерекшелік, жаңашылдық дейтін болсақ. Биылдан бастап қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысы тек қазақ тілінде ғана білім алады. Ал орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен орыс тілін оқытылады.
Министрдің айтуынша, бұл шешімге келуге арнайы зерттеулер мен сараптамалардың қорытындысына себеп болған.
— 1-сынып оқушысына үш тілді бірден меңгеру қиын екені анықталды. Бала алдымен өз тілінде оқып және жаза білуі тиіс, — деді министр.
Енді қазақ тілді мектептерде екінші сыныптан бастап орыс тілі енгізіледі, ал ағылшын тілі барлық мектептерде үшінші сыныптан басталады.
— «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері 1-ші сыныптан бастап енгізілді. Музыка пәнінің аясында 6-сынып оқушылары өз қалауымен домбыра аспабында ойнауды үйрене алады. Мектептерде қосымша факультатив есебінен шахматты дамытуға мүмкіндік беріледі. Менеджементті және мектептегі кадр сапасын күшейту үшін де өзгерістер енгізілді, — деді Асхат Аймағамбетов.
#Асхат Аймағамбетов #оқуағартуминистрлігі