Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың журналист Жайна Сламбекпен болған сұхбатында мемлекеттік тіл туралы «Ең бастысы – Қазақ тілі» деген сөзін айтты. Мемлекет басшысы халыққа жолдаған алғашқы Жолдауында «Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тіліне айналуы тиіс», «Қазақстан азаматтары мемлекеттік тілді білуі міндетті» деген болатын.
Енді елдің тілейтіні «Жаңа Қазақстан» басшысының афоризмге айналған айшықты сөздері тезірек іске асуы.
«Тілімізге келетін болсақ, біз оны сақтаймыз. Басқаша болуы мүмкін емес, өйткені тарихтың ең қиын кезеңдерінде тіл дана бабаларымыздың арқасында, халқымыздың арқасында сақталды. Бұл ретте тіл реформасын жүргізуіміз керек. Ал бұл жерде әңгіме латын графикасына жылдам көшу туралы емес.», – деді Мемлекет басшысы.
Иә, Президенттің бұл сөзі Алаш көсемі, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деген қанатты сөзімен сабақтасып жатыр.