Басты бет » Тіршілік ырғағы » Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берілмейді

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берілмейді

2022 жылғы 27 қарашада Орал қаласы полиция басқармасы әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының инспекторлары  республикалық «Тұрмыс» жедел алдын алу іс шарасы аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа заң жол бермейді» атты дөңгелек үстел өткізді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамда отбасы ролін арттыру, отбасы құндылықтарын жақсарту және  халықтың құқықтық мәдениетін жоғарылатуға мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдарды тарту мақсатын көздеген дөңгелек үстел «Отбасы»  орталығында өтті.

Дөңгелек үстелге «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы» КММ  директоры Жүніс Талшынай Орынбекқызы, Орал қалалық әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сисенова Анаргүл Ильясқызы,  Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысының орынбасары Дәурен Ибатұлы Шамұратов, «Отбасы» орталығының меңгерушісі Жанбузова Мерхан Кадимовна, БҚО бойынша «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Шканова Замзагүл Зәитқызы, Орал қаласы Полиция басқармасы кадр саясаты бөлімінің инспектор психологы полиция аға лейтенанты Раймкулова Светлана Мұратқызы, Орал қаласы Полиция басқармасы жергілікті полция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі тобы инспекторы полиция капитаны Мунтиева Әйгерім Тулеуішқызы  қатысты.

Жиынның күн тәртібі бойынша «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың жолын кесу» бағытындағы Орал қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобы инспекторларының және 24-30 қаңтар аралығында қала аумағында өткізіліп жатқан республикалық «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы барысындағы атқарылу барысындағы жұмыстарымен таныстыру, жастар арасындағы отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы институтын жетілдіруде мемлекеттік емес ұйымдардың рөлі сынды үш сұрақ қаралуы жоспарланды.

Дөңгелек үстелде алғаш сөз алған Орал қаласы Полиция басқармасы жергілікті полция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі тобы инспекторы полиция лейтенанты Гүлназ Шарипова шағын баяндама оқыды.

Қазақстанда әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселелері елді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамудың негізгі міндеттері болып отыр. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың көріністерімен күрес жөніндегі тобының негізгі міндеттері болып әйелдердің конституциялық құқықтарын, еркіндіктерін және заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және олардың жолын кесу мәселелерінде ішкі істер органдарының қызметін үйлестіру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық түрлеріне, нысандарына және әдістеріне,     сондай-ақ олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарға аналитикалық зерттеулер жүргізу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және оның жолын кесу мәселелері бойынша тұрғындарға құқықтық көмек көрсету болып табылады. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылардың профилактикасы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ішкі істер органдары үкіметтік емес ұйымдармен және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс» орталығымен тығыз әрекеттеседі.

Осы орайда атап айтсақ отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалатын және рецидивті қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, Орал қаласында қылмыстың алдын алу және жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша ішкі істер органдарының профилактикалық қызметін күшейтіп, бұрын сотталған адамдар тарапынан жасалатын қылмыстардың және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 24 қаңтармен 30 қаңтар аралығында қала аумағында республикалық «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Орал қаласының полиция қызметкерлері Орал қ. ПБ ЖПҚб–сы  есептік базасында тұрған 278 тұлғаға тексеру жүргізілгенін айтып, қызмет көрсеткіштеріне кезек берді.

  • Қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғалар — 65
  • Сотпен ерекше талап қойылған тұлғалар – 15
  • «Ішімдікке салынғандар» санатында тұрған тұлғалар – 101
  • «Наркоман» санатында тұрған тұлғалар – 53
  • «Қолайсыз отбасы» есебінде тұрған – 44

«Тұрмыс» жедел алдын-алу шарасын өткізу барысында Орал қ. ПБ ЖПҚб қызметкерлерімен  157  тұлғаның құқық бұзушылыққа жол бергені анықталып,  64 тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылған,  2 тұлғаға алкогольдік ішімдікке тыйым салумен қоса  сотпен мінез-құлқына ерекше талап қойылды. Орал қ. ПБ-есебіне «ішімдікке салындағдар» санаты бойынша  – 2, «қолайсыз отбасы» санатына алынған тұрғалар – 16.

«Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасында 91 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан әрі Орал қалалық әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сисенова Анаргүл Ильясқызы отбасы құндылықтары, жас отбасылардың  қаржылық сауаттылықтарын көтеру мақсатында семинарлар ұйымдастырылатынына тоқталды.

«Әдемі қыздар әдемі болуға лайықты» деген жолдармен өз ойын сабақтаған Талшынай Орынбекқызы отбасы мүшелерінде жауапкершіліктің жоғары болуын, жауапкершілікті сезінулері тиістігі туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушы әрбір маман отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, азаматына деген құрметі, балаларының анасына деген сүйіспеншілігі, т.б. туралы сөз сөйлеп, емен-жарқын пікір алмасылды.

Отбасы – жылы ұя, осынау жылы ұяда бірлік пен татулықтың берік сақталуын, балалардың бақытты болуын тілеген спикерлер алдағы күндері ынтымақтаса жұмыстану мақсатындағы бірлескен іс-шаралардың жүзеге асатынын жеткізді.