Басты бет » Жаңалықтар » «ЕЛОРДА ЖАСТАРЫ СЫЙЛЫҒЫ – 2019» БАЙҚАУЫ ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАЙДЫ

«ЕЛОРДА ЖАСТАРЫ СЫЙЛЫҒЫ – 2019» БАЙҚАУЫ ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАЙДЫ

Байқауға 14-29 жас аралығындағы елордалық жастар қатыса алады, деп хабарлайды «Жастар жанары»  www.elordajastary.kz сайтына сілтеме жасап. 

big_1a95571d4585a62150b8ae33aff68657

Өтініштерді қабылдау 15 қазанға дейін жалғасады. Байқау елорданың белсенді, шығармашыл жастарын мемлекеттік деңгейде қолдауға, креативті жастардың үкіметтік ұйымдармен тығыз ынтымақтастығына және олардың жетістіктерін xалық арасында насихаттауға бағытталған.

Жастар жылы аясында өткізілетін «Елорда жастары сыйлығы» байқауына 14-29 жас аралығындағы, халықаралық немесе республикалық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары, өз саласының үздігі атанып, елордамыздың дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген белсенді жастар үміткер бола алады.

Дауыс беру 30 қараша күні аяқталып, нәтижесі 7 желтоқсан күні «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтетін салтанатты шара кезінде жарияланады. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасының жастармен жұмыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақұлан Тастемір конкурсқа қатысатын жастардың елорданың өміріне еңбегі сіңуі басты шарт екенін атады.

«Нұр-Сұлтанға оқуға келген өзге өңірдің жастары бұл конкурсқа қатыса ала ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Конкурсқа өткізетін марапаттар мен жүлделердің құжатында, атқарған шаруалары туралы анықтамалық ақпараттарда Нұр-Сұлтан немесе Астана деген мекенжай болуы керек. Жарыстың жүлде қоры былтырғы қалпында қалды. Яғни, әр аталым бойынша бір ғана жеңімпаз болады. Оған 100 мың теңге және бағалы тастармен айшықталған мүсін табыстаймыз. Жеңімпаздар республикалық «Дарын» жастар сыйлығына автоматты түрде үміткер болып тіркеледі», — деді Ақұлан Тастемір.

16 номинация және екі арнайы сыйлық қарастырылған. Байқау комиссиясы әр номинация бойынша үздік үштікті іріктейді, жеңімпаздарды халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша анықтайды. Жеңімпаздар дипломдар мен естелік статуэткалар беріледі.

Байқау ғылым, заманауи шығармашылық өнер, журналистика, әлеуметтік қызмет, спорт, кино және театр, эстрада, әлеуметтік саланың үздік қызметкері, Өндірістің үздік қызметкері, жыл волонтеры, жас кәсіпкер, Үздік мемлекеттік қызметкер, SMM-менеджер, Жыл Студенті және т.б. аталымдар бойынша өтеді. Халықтық SMS-дауыс беру біздің ресми сайтта жүзеге асырылады.  Толық ақпаратпен www.elordajastary.kz сайтында танысуға болады.

Пікір жазу