Басты бет » Бозбала мен бойжеткен » Қазақ қызы Қытайдың “Жыл студенті” атанды

Қазақ қызы Қытайдың “Жыл студенті” атанды

студ          Қытай елінің Шанхай педагогикалық университетінде білімін жетілдірген павлодарлық түлек Фарида Төлеубаева “Жыл студенті” атанды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

студе
Ол қатарластарынан топ жарып шыққаны үшін шетелдік студенттер факультетінің деканы Хуанг Мэй Сюдің атынан екі бірдей дипломға ие болған.

“Қытай елінде экологиялық мәселе күн сайын артып келеді. Сондықтан мұнда бетперде киіп жүру үйреншікті әдетке айналған. Қыр асып, білім жолына түскен мен сияқты қазақстандық жастар үшін туған елдің көк аспанын тамашалап, таза ауасымен демалудан асқан бақыт жоқ шығар, сірә. Сондай-ақ, өзіміздің ұлттық тағамдарға тең келетін ас жоқ екеніне көзім жетті. Тіпті, бір жылдың ішінде нағыз еттің дәмін ұмытып қалған тәріздімін. Күнделікті асқа тауық еті және күрішпен ауқаттанамыз. Үйге оралуға үш күн қалды. Минуттарды санап отырмын десем болады. Анамның ыстық бауырсағын қатты сағындым, – дейді “Жас дарын” мамандандырылған мектебінің түлегі, “Алтын белгі” иегері.

студент
Бүгінде 20 жастағы студент қытай тіліндегі кітаптар мен журналдарды еркін оқи алатын деңгейге жеткен. Корея, Жапония, Колумбия, Канада, Моңғолия, Ресей, Германия, Словакия және Италия елдерінен келген жастармен достасып кеткен Фарида соңғы кездері корей тілін үйренуге ден қойған.

студент1

“Енді әлемнің түкпір-түкпірінде араласатын достарым бар. Елбасының тілдің үш тұғырлығы саясатына мен де өз үлесімді қосуға тырысамын. Бар арманым – болашақта еліміздің қарыштап дамуына атсалысу”, – дейді Фарида.

http://www.juldizdar.kz

Пікір жазу