22 жастағы өскемендік Бағым Балтабаева Алматыда өткен «Қазақстан аруы-2024» сұлулық байқауының жеңімпазы атанды.
Байқауға 20 үміткер қатысты. Шара қаладағы ірі мейрамхананың бірінде өтті.
Финалда аруларға бірқатар арнайы атақ берілді.
Айдана Әбілқасова «Вице-мисс Қазақстан 2024», Томирис Қадырхан «Жер аруы 2024», Дана Алмасова «Ғалам аруы 2024» атанды.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, биылғы байқаудың жаңа копцепциясы қоғамда кең таралған сұлу әйелдер туралы стереотиптерді жоюға бағытталды. Оның тақырыбы «Әйел болу өнер» (The art of being a woman) деп аталды.
Енді Бағым Балтабаева «Әлем аруы» әлемдік сұлулық байқауында еліміздің атынан шығады.