Басты бет » Жаңалықтар » МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ЖАСТАР АРДАҚ НАЗАРОВПЕН КЕЗДЕСТІ

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ЖАСТАР АРДАҚ НАЗАРОВПЕН КЕЗДЕСТІ

 

IMG-20191001-WA0105

 Маңғыстаулық жастар ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровпен кездесті. «Адам жол таппай адаспайды, ой таппай адасады», – деп сөз бастаған спортшы жастарды игі амал жасар жақсылыққа, ізгілік пен имандылыққа шақырды. Ол жастарға ғибратқа толы әңгімесін айтып, өткен күндері мен жетістікке жету жолындағы қиындығын баяндап, сабақ болар салиқалы ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, Отанға деген шексіз құрмет ата-анаға, қарындасқа деген қамқорлықтан басталатынын айтты. Ер жігіт – елдің тұтқасы, оның ар-намысы – тұтас бір ұлттың қорғаны екенін тілге тиек етті. Елдің ері мықты болса, ұлттың рухы түспейді деп сөзін түйіндеді.
Сондай-ақ шарада кәсіпкер Гүлжанат Мұратбай және Аңсар Дәулетбаев та өз ойларымен бөлісті.
IMG-20191001-WA0103
IMG-20191001-WA0098
Раушан Төлемісова,
 Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы,
ақпарат бөлімінің маманы

Пікір жазу