Батысқазақстандық Әнел Әлібекқызы Сытдықова Ла-Манш бұғазын бағындырып, көк туымызды желбіретті. Бұл туралы «Aqjaiyq» телеарнасының ресми сайтында жарияланды.
Әйгілі триатлоншы қыз сенсация жасап, тоқтамастан 33 шақырымды жүзіп өткен. Мұндай жетістік ел тарихында бұрын-соңды болмаған. Кеше түнде Лондон уақыты бойыша түнгі 01.15-те ұзақ сапарын бастаған Әнел 33 шақырымдық 16 градус салқын суды, алыс та қауіпті Ла-Манш бұғазын 15 сағат 15 минутта кесіп өтіп, аман-есен Францияға жеткен.