Басты бет » Сен білесің бе? » «Боди арт» бізге қаншалықты қажет?

«Боди арт» бізге қаншалықты қажет?

Заман дамуына байланысты өнердің түр-түрі өсіп, өркендеп келеді. Мәселен, сурет өнерінің бұрындары натюрморт, пейзаж, этюд, портрет деген сынды классикалық қырлары болса, қазір «3D сурет», абстракциялық стильдің жаңа бейнелері, «боди арт» сияқты мүлдем өзгеше жанрлар, сипаттар пайда болды. Мысал ретінде осылардың ішінен «боди артты» алайық. Боди арт — авангардтық өнердің бір түрі. Мұндағы негізгі нысана — адамның денесі. Түрлі бояуларды қолдана отырып, жалаңаш денеге сурет салуды көздейді. Қазір енді-енді ғана дамып келеді. Қазақстанда боди артпен айналысатындар саусақпен санарлық. Себебі, денеге сурет түсірудің өзіндік тәсілі бар. Кез-келген адамның бұл іспен айналысуға батылы жете бермейді. Неге «батылы жете бермейді»? Өйткені, айтып өткенімдей, суретші жалаңаш денемен жұмыс жасайды. Ал бұған, былайша айтқанда, кез-келгеннің ұяты жібермейді. Мәселен, мына бір суреттерге қараңыздар:

71dmwn6t8d

9028_pic

Bodiart-angl-body-art---iskusstvo-tela

Ешқандай киім жоқ. Және бұл тек бер жағы. Боди арттың бұдан да өткен ұятты суреттері жетіп артылады.

1235

Бір қызығы, денесіне суретті салғызуға көбінде жастар келісетін көрінеді. Әсіресе, қыз-келіншектер қауымы. Ұлттық менталитет, ұлттық көзқарас тұрғысынан қарайтын болсақ, қыз бала — ол болашақ ана, ертеңгі күні бір үйдің түтінін түтетіп отыратын отанасы. Ал осыны біле тұра осындай қадамға бару, меніңше, ерсі қылық па деймін.

1587654

584635146

Ал сіздер бұдан не дейсіздер? «Боди арт» бізге қаншалықты қажет?

Назым Қайрат

Пікір жазу