Этикет ережелерінің біреуін білсек, біреуін білмейтініміз анық. Сонымен:
- Ер адамдарға сыйлауға болатын гүлдер: раушан, қалампыр, орхидея, бамбук, лалагүл, бәйшешек, күнбағыс.
Жігіттерге гүл сыйлағанда түсіне де назар аударыңыз. Гүлдердің түсі күлгін, қою қызыл, ақ, көк және жасыл болғаны ләзім.
Ер адамға мынадай жағдайларда гүл сыйлауға болады:
- Фильм премьерасына;
- Концерт премьерасына;
- Кітабы шыққанда;
- Мақаласы жарық көрсе;
- Жаңалық ашса;
- Туған күніне;
- Жүлдені табыстағанда;
- Спорттағы жетістіктері үшін.
- Әйел адам амандасып қолын созса, қолын алыңыз, бірақ жігіттермен амандасқан сияқты қатты қыспаңыз.
Негізі этикет бойынша жасы үлкен адам бірінші болып қолын береді, ұстаз немесе жетекші – оқушыға, бастық – қызметкерімен. Алайда, қоғамда қалыптасқан тәртіпті сақтаған да жөн. Әйтпегенде, айналаңыздағы адамдар арасында түсінбестік тууы мүмкін.
Қол алысқанда көзіне тік қарап, достық ниетіңізді көрсетіп сәл жымиыңыз. Қол алысып жатқанда басқа жаққа қарап тұру – инабатсыздық белгісі.
- Егер баспалдақпен ер мен әйел көтеріліп бара жатса, ер адам әйел адамды артта қалдыруы тиіс, ал түсіп бара жатса, әйел адамды алдыға шығарып, өзі артынан түсуі тиіс. Бірақ егер баспалдақ тым тар, тіп-тік немесе қараңғы болса, онда ер адам әйел адамның алдында жүргені дұрыс.
- Баспалдақпен келе жатқанда, әйел адам сүйеніші бар жақпен жүреді. Егер алдынан ер адам шығып қалса, оң жақпен жүру ережесіне сай келмесе де ол сүйеніштен алыстамаса болады.
- Баспалдақта тұрған ер адам сүйеніші бар жақты әйелдерге, қарттарға және балаларға ұсынған жөн.
- Ер адам әйел адаммен қол ұстасып баспалдақпен көтеріліп бара жатқанда да, түсіп бара жатқанда да, ер адамның денесі әйел адамға сүйеу бола алатын қашықтықта жүргені дұрыс. Және әйел адамды қолынан сүйрелемеген абзал.
- Егер алдыңыздан үлкен жүк көтеріп кел жатқан адамды жолықтырсаңыз оған жол беріп, өзіңіз жақын жердегі ашық алаңда тұра тұрыңыз.
- Мейрамханада әйел адам үстелден тұрып кетіп бара жатқанда, ер адам әрдайым орнынан тұруы қажет.
- Әйелі мен күйеуі бірін-бірі «Жаным», «Қошақаным» деп атаудың еш сөлекеттігі жоқ, алайда бұл еркелетіп қойылған аттарды біреудің көзінше айту дұрыс емес. Бөтен адамдардың арасында тұрғанда бір-бірінің атын атап шақырғаны дұрыс.
- Түтікше арқылы сусын ішіп жатқан болсаңыз, түбіне дейін, соңғы тамшысына дейін қылқылдатып ішпеген жөн.
- Мейрамхана әдебінің негізгі ережелері мыналар:
а) Үлкен кесектерді ұсақтап турау керек;
ә) Тағамды бүкіреймей, шынтағыңызды жинап, ешкімге кедергі келтірмей жеген дұрыс;
б) Тағам ыстық болса, оны үрлеп суытуға болмайды, өзі суығанын күтіңіз;
в) Тағамды қасыққа кішкенеден салып жеңіз;
г) Саусақты ауызбен жаламай, майлықты пайдаланыңыз;
ғ) Ауызыңызды тек майлықпе сүртіңіз;
д) Ауызға тағамды толтыра сөйлеу – әдепсіздік.
- Көпшіліктің алдыда немесе әңгімелесу кезінде сағыз шайнап тұру – дөрекілік белгісі.
Сурет: http://uskz.org