Басты бет » Жаңалықтар » Қазақстанда ұшақтарға интернет желісі қосылады

Қазақстанда ұшақтарға интернет желісі қосылады

Изображение, сгенерированное Meta AI

Қазақстанда 7 ұшаққа интернет орнатылады. Сондай-ақ интернет 50 туристік нысанға да жетеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында интернетпен қамту жұмыстары туралы мәлімдеді.

Қазір 50 теміржол бағыты бойынша қатынайтын 124 пойыздың 1 500 вагоны интернетпен қамтылған.

Сонымен қатар 7 ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде. «Батыс – Шығыс» гипермагистралі бойынша ұзындығы 4 511 шақырым желінің жартысы тартылды. Жоба жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Ауылдық жерлерде 370 елді мекен интернетке қосылып, 11 819 шақырым байланыс желісі тартылды.