Алматы 7-10 қазан күндері мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дода өткізеді.
Halyk Arena мұз айдынында өтетін жарысқа 25 мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатысады.
Жарыс бағдарламасында жасөспірімдер сайысы, ерлер мен әйелдердің жекелей бәсекесі және мұздағы би бар.
Турнир 2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне арналады.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
