
Қазақстандық гимнаст Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңін бес медальмен аяқтады.
Отандасымыз жекелей көпсайыста екінші орын иеленіп, төрт жаттығу бойынша финалға шықты.
Шығыршықпен орындалатын жаттығуда 29.150 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды. Ал доппен (28.000), ұршықтармен (29.050) және таспамен (27.600) орындалатын жаттығуларда күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, Ақмарал Ерекешева жарысты бір алтын және төрт күміс медальмен қорытындылады.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы