Басты бет » Жаңалықтар » VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: Қазақстан 32 алтын, 20 күміс пен 22 қоламен жеңімпаз танылды

VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ: Қазақстан 32 алтын, 20 күміс пен 22 қоламен жеңімпаз танылды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Бүгін ел спортшылары көкпар, көкбөрі, тогуз коргоол (тоғызқұмалақ), мангала, овари бойынша медальдарға таласты.
Зияткерлік ойындар жарыстың алғашқы күнінен басталып, бүгін финалдық ойындар болды. Тоғызқұмалақшылар ел қоржынына 4 алтын, 2 күміс медаль салды. Әйелдер арасында Серікқызы Мөлдір алтын, Салман Аружан күміс иеленсе, ерлер арасында Ауталипов Ерасыл алтын, Жакиев Айдын күміс медаль алды. Осы спорт түрінен ұлттық құрама мүшелері командалық есепте әйелдер арасында да, ерлер арасында да жеңімпаз атанды.

 

Ал мангала ойынынан отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс, 2 қола меда

ль еншіледі. Ерлер арасында Азамат Қайдаров – алтын,  Биғали Зкрияев – күміс, әйелдер арасында Гүлнар Базаралиева мен  Құндыз Есіркеп қола медаль алды. Және де осы спорт түрінен командалық есепте ерлер алтын, әйелдер күміс жеңіп алды.

Африка халықтарының зияткерлік ойыны овариден де спортшыларымыз жүлдесіз қалмады. Тоғықұмалақтан әлемнің 10 дүркін жеңімпазы Далиева Әсел қола жүлде алды. Командалық есепте жігітттеріміз де, қыздарымыз да қола жүлдеге тоқтады.
Ат спорты түрлерінен алты күн бойы жалғасқан көкбөрі спорты да мәресіне жетті. Көкпардан және көкбөріден Қазақстан құрамасы қос күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Жалпыкомандалық есеп бойынша Қазақстан қоржынында 32 алтын бар. Одан бөлек 20 күміс пен 22 қола жүлде алды.

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі 30 алтын алған Қырғызстанның екінші орында тұрғанын, 7 алтын алған Ресейдің үшінші орынға тұрақтағанын хабарлады.