Басты бет » Жаңалықтар » Елордада «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы өтті

Елордада «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы өтті

Астанада «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының финалы өтті. Елдің әр аймағынан 7 000 мыңға жуық оқушының ішінен қара үзіп шығып, Астанада өткен финалда 188 оқушы бақ сынады. Оның ішінде 2000-нан астамы этнос өкілдері.  Жоба Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық Қоғамдық Қоры және «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен өтті. Негізгі мақсат – тілге құштар, қазақ тіліне ерекше құрметпен қарайтын ортаны біріктіру.

 

Финалға 188 үздік оқушы жолдама алып, ерекше дайындықтарымен көзге түсті. Көптеген қатысушы жоғары оқу орындарының гранттарына ие болды. 38 оқушы «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілінен өткен шығармашылық байқауының грант иегері атанып, ақтық сынға жеткен оқушылар бес номинация бойынша марапатталды.


Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай арнайы келіп, жеңімпаздарды құттықтады. Сондай-ақ бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, депутат, мәдениет өкілдері оқушыларға шабыт беріп, сайыстың бес бағыты бойынша марапаттау шарасына қатысты. Ұлттың ұпайын түгендеп, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан жандарға ұлт әдебиетінің мәрте­бесін өсірген ірі тұлға, ақын-жазушылар атындағы арнайы «Тіл жанашыры» стелласы табысталды.

Шараға «Аватария», «Jakko» және «Almatherm» компаниялары демеушілік көрсетті.