Шри-Ланканың Коломбо қаласында бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты өтуде.
Қазақстанның жастар құрамасы Азия чемпионатына қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті.
Жаттықтырушы Максат Бақтыбазаровтың жетекшілігімен 13 салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшылардың 11-і финалға жолдама алды.
Алтын жүлде үшін келесі спортшылар жұдырықтасады:
Нұрхан Құмарбеков (48 кг)
Досымжан Танатар (51 кг)
Алдияр Бахадұр (54 кг)
Нығман Нығмет (57 кг)
Әділет Тортубек (60 кг)
Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 кг)
Сұлтан Тұрдалы (67 кг)
Жасұлан Бердәлі (75 кг)
Игорь Соловьев (80 кг)
Расул Асанханов (92 кг)
Бексұлтан Қайратұлы (92+ кг)
Шешуші финалдық жекпе-жектер 22 мамыр күні өтеді.