Мейірім мен ерліктің шежіресі
Уақыт – бір сәтке де тоқтамайтын өзен. Бүгін де біз сол өзеннің асау ағысымен жаңарған, еркін таңдау жасай алатын, сауатты, арманы мен мақсаты биік қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Дәл қазір біз әлемнің кез келген нүктесін де жоғары білім алып, кәсіби өсіп-жетілуге жол ашық. Бұл шексіз мүмкіндіктер – қазақ қыздарының өткен ғасырлардағы арманы болатын. Сол арман бүгін де шындыққа айналды. Себебі дәл осы күні елімізде медицина саласын да білім алушылардың 74 пайызын әйел азаматтары құрайды. Бұл құрғақ статистика емес. Бұл – өз замандарында әйелдердің білім алуы үшін күрескен, халықтың медициналық сауатын ашқан қыздарымыздың ерен еңбегі.
Алғашқы үміттің шырағын жаққандар
Аққағаз Досжанова – қазақтың тұңғыш дәрігер әйелі, тұңғыш қайсар рухтың бейнесі.
1914 жыл. Орынбор қыздар гимназиясына қазақ даласынан алғаш рет нәзік жан иесі қабылданды. Ол – Аққағаз Досжанова. 1918 жылы оқуды тәмамдағаны жөнінде куәлігін алып, елге оралады. Ол үшін бұл – тек қана білім алу емес, ұлтқа қызмет етудің жолы еді. Одан соң бірден, Бірінші Дүниежүзілік соғысқа аттанады. Ол жақта госпитальде жұмыс жасап, соғыс алаңында қызмет етті. Аққағаз Досжанова қыздар гимназиясындағы алған білімімен шектеліп қалмай, сонымен қатар Том университеті, Ташкенттегі жоғарғы оқу орны Орта Азия мемлекеттік университеттерінде де білім алады. Кәсібінен бөлек, Аққағаз Досжанова газет-журналдарға біраз мақала жариялап, жиындарда, митингтерде өз ойын, көзқарасын ашық білдірген.
Гүлсім Асфендиярова – қарайым бейнесін де ұлылық тұнған әйел
Қазақтың алғашқы дәрігер әйелдерінің бірі – Гүлсім Асфендиярова. 1892-93 жылдары Гүлсім Ташкент қыздар гимназиясына оқуға түседі. Ол – халық емін ғана емес, денсаулықтың мәдениетін алып келді. Қарапайым ауылдарда, қиын кезеңдерде, аз ғана құралмен адам өмірін арашалаған күндердің куәсі болды. Тіпті, әйелдер үшін акушерлік мектеп ашады. Солай қыз-келіншектерді оқытып, медбикелер дайындаған. Ол – тек бір үйдің келіні, бір тұлғаның жары емес, бүкіл қазақ әйелінің үні еді. Елдің қыз-келіншектеріне жол сілтеген, медициналық сауаттың алғашқы көшін бастаған жан.
Бұл жандар тәрбиелеген шәкірттер бүгін де еліміздің әр өңірінде еңбек етіп, келесі ұрпақты тәрбиелеуде. Шын дәрігер өз кәсібін ғана емес, өз мектебін қалдырады.
Ертеңін ойлаған ел бүгіннен бастайды
Қазақ қызына білім керек пе деген сұрақтың жауабы – тарихтың өзінде. Аққағаз, Гүлсім – бұл есімдер ұмытылмас. Олар ұстаз болмай тұрып та, ұстаз болды. Олар қалам ұстамай-ақ, тарих жазды.
Қайсар қыздарымыздың жолын жалғаған мыңдаған ару бар. Ақ халатты кию – тек мамандық емес, бұл рухани миссия. Қазақ әйелінің мейірімге толы табиғаты мен қайсарлығын тоғыстырған осы жол – нағыз ерлік жолы.
Бүгінде олардың жолын жалғаған мыңдаған ару бар. Ақ халат кию тек мамандық емес, бұл – рухани миссия. Қазақ әйелінің мейірімге толы табиғаты мен қайсарлығын тоғыстырған осы жол – нағыз ерлік жолы.
Жастарға үндеу
Бүгінгі жас буын, егер сен медицина жолын таңдасаң, бұл күнделікті күресті, адам өмірі үшін жауапкершілікті, табанды еңбек пен шексіз мейірімді талап етеді. Бірақ бұл – ұлы жол. Өйткені қазақтың алғашқы дәрігер қыздары дәл сол жолды таңдап, ел үшін тер төгіп, тарихта қалды.
Аделя СПАРТАКҚЫЗЫ,
Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің студенті