Фото: egemen.kz
Білім – дамудың, табыстың, алға қарай ұмтылыстың бастауы. Алайда оның басты қозғаушы күші – мотивация.
Мотивация – адамды мақсатқа жетелейді, өзіңе деген сенімділікті оятады. Бұл күш болмаса, ең қабілетті адамның өзі де жетістікке жете алмас еді. Себебі мотивация – бірінші кезекте дисциплина. Адамға мотивация жарқын болашақты елестетіп сенімділік берсе, дисциплина оны бекітеді. Ал қазіргі кезде жастар арасында білімге деген қызығушылықты сақтау қиынға соғып жатыр. Ол түрлі факторларға байланысты:
Біріншіден, стресс – физикалық, психикалық шаршауға алып келетін күй. Беріліп жатқан тапсырманың көптігінен, лайықты емес баға алудан, демалыссыз жұмыс істеп, ұйқының аздығынан болуы мүмкін.
Екінші, мақсаттың болмауы. Мақсатын анық болмаса, адам өз-өзін түсінбей, бос әрекет жасап жүргендей күй кешеді.
Үшінші, әлеуметтік қысым. Көп жастарды басқалармен салыстырады. «Досыңнаң үлгі ал», «Мынаның баласын қарашы…» сынды сөздер адамға керісінше әсер етуі мүмкін. Мүмкіндігін жеткіліксіз деп санап, өзін-өзі бағалауына әсер етеді.
Ал білімге деген мотивацияны ояту үшін, біріншіден, анық мақсат қою керек. Нақты мақсат, мысалы: «мен ағылшын тілін жетік меңгеріп, тестілеуден 90 балл жинаймын» деген сенімді айтылған сөз, нық қадамға айналады. Екіншіден, әрбір жетістігіне қуану қажет. Кішігірім жетістік – үлкен жеңіске апарар жол. Ортаның рөлі де маңызды, қажет болған жағдайда ортаңды өзгерту. Бұл – ең маңызды факторлардың бірі. Себебі мотивация көбіне айналадағы адамдардан келеді. Жақсы орта, биікке жетелейтін достар білімге құштарлықты арттырады. Жәй ғана өзіңе сеніп, мақсатынды шағын қадамдарға бөлсең, жеңісіңнің тең жартысы.
Мотивация – оқудың басты қозғалыс күші. Мотивация бар жерде адам дамиды, ізденеді, тоқтамайды. Ол сөнсе – оқудың мәні жоғалғандай. Сол себепті іштегі қозғаушы күшті әрдайым арттыра отырып, дисциплина арқылы бекітіп отыру қажет. Жастар – болашақтың тірегі, үміті. Егер олардың білімге, ғылымға деген ынтасы жоғары болса, еліміздің болашағы да жарқын болмақ.
Жастарға мотивация
Әр қиындық – сені шыңдайтын саты!
Мақсатыңа жету жолында кішігірім қадамдар жаса, сүрінсең де қайта тұр. Себебі сені өзіңнен басқа биікке ешкім жетелемейді. «Өзгені емес, өзіңді жеңе біл».
Асия СЕРІКҚЫЗЫ,
Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің студенті