Басты бет » Жаңалықтар » ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ КӨПШІЛІГІ НЕГЕ ОСЫ СӨЗДІ ҰНАТПАЙДЫ?

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ КӨПШІЛІГІ НЕГЕ ОСЫ СӨЗДІ ҰНАТПАЙДЫ?

Шыдамдылық пен әлсіздікке байланысты стереотиптерден аулақ болып, сыйластықты үйренетін кез келді.

Сурет: adilet-gazeti.kz

Неліктен көпшілік «толеранттылық» терминін ұната бермейді

Орыс тілінде бұл сөз тек алаңдаушылық емес, тіпті мықты бір қарсылықты тудырады. Оны психологиямен немесе әлеуметтанумен кәсіби байланысы жоқ компанияда айтатын болсақ, жағымсыз ассоциативті ықпалы бірден байқалып қалады. Алғашқы абзацты оқыған сәтте сізде де сондай әсер қалыптасып қалуы мүмкін. Неліктен бұлай болып жатқанын талқылайық.

Сәтсіз жасалған аударма

Біз бейтаныс шетел терминімен танысқан кезде, ең алдымен – оның дұрыс аудармасын табуға тырысуымыз қалыпты нәрсе. Ал «толеранттылық» сөзіне келген кезде мұндай тәсіл пайдаға аспай қалды.

Оны «төзімділік» деп аудара бастады, бұл – шыдамдылық деген сөзге синоним. Ал біз кез келген түсіндірме сөздіктен қарасақ, бұл сөз бір нәрсеге табандылық танытып, шыдау.

Яғни, біз сыйластық пен ықылыс тудыратын жағымды сезімді күтпейді екенбіз. Әрқашан ауруды, қолайсыздықты, ыңғайсыздықты байқау.

Сөйтіп, басқа адамның әрекетіне, тіпті ол өрескел, жеке шекараңды бұзып, тіл тигізетіндей болса да шыдау қажет деген мүлдем дұрыс емес, бірақ төлеранттылықтың эмоционалды байланысы қалыптаса түсті.

Әрине, толеранттылықты, барлық нәрсеге,тіпті ашуландыратын нәрсеге де мүлтіксіз мойынсыну керек деген ұғым деп түсіну  қате және тіпті қауіпті.

Немқұрайлылыққа күдік

Сөйлеу практикасындағы танымалдылығы бойынша  екіншісі дұрыс түсініктеме бермеу. Кез келген немқұрайлы позиция әлеуметтік және мәдени тұрғыдан айыпталған «маған бәрібір» сөзін қолданбау үшін «Мен бұған толеранттымын»деген сөз тіркесімен ауыстырылады.

Бұл белгілі бір құбылыстарды бағалау тұрғысынан салмақты және қауіпсіз болып шығады. Бірақ толеранттылық ұғымы төзімділікке шақырмайды, пассивті және бейжай қатынасқа қатысы жоқ.

Өз құндылықтарынан бас тартқысы келмеу

Сондай-ақ үшінші қате түсінік мынадай: «Мен адаммен толерантты қарым-қатынас жасағанмен, ол менімен ондай қарым-қатынас орнатпаса ше? Сонда мен оған жол берген сайын жеңіліп, ал екінші адам қалағанына қол жеткізетін болады ғой.

Мұндай жүйеде толеранттылық жеке тиімділікке мүлдем қарама-қайшы болады, өйткені ол басқалардың пайдасы үшін өз құндылықтары мен сенімдерінен бас тартуға мәжбүр.

Шын мәнінде толеранттылық дегеніміз не?

Толеранттылық – бұл шыдамдылық пен немқұрайлылыққа мүлдем қарама-қайшы нәрсе. Шындығында, бұл әртүрлілікті тануға негізделген белсенді жасампаздық позицияның атауы.

Жанжалды немесе түсініксіз жағдайға тап болған толерантты адам болып жатқан жағдайға немқұрайлы болмайды, жағдайды жақсы жаққа өзгертудің әлеуметтік қолайлы әдісін табуға тырысады. Оны өзі үшін де жасайды, өйткені ол белсенді, жасампаз және жайлы өмір сүруді қалайды. Себебі өзі де бір сәтте  басқалар үшін сол жанжалды немесе түсініксіз жағдайдың қайнар көзіне айналуы мүмкін.

ХІХ ғасырда классикалық либерализм принциптерін әзірлеу кезінде толеранттылық адамның өз пікірін,  тіпті егер ол жалпыға бірдей қабылданғаннан өзгеше болса да оны білдіру құқығына деген құрмет ретінде анықталды.

Қазіргі қоғам барлық шектеулерге орай көп мәдениетті. Және ол әртүрлі өмір салты, нормалар мен принциптер арасындағы бәсекелестікті сақтайды.

Толеранттылық адамның өз наным-сенімдерінен бас тартуын және жалғыз қарама-қайшылықты шынайы деп тануды талап етпейді.

Керісінше: толерантты қатынас – бұл өз ұстанымына деген сенімділіктің және оны әділ талқылауға дайын болудың белгісі. Бұл міндетті түрде әр адамның пікірінің салыстырмалы екенін түсінуді (өз пікірін қоса алғанда) және оның кез келген нұсқаларының құндылығын мойындауды білдіреді.

Нәтижесінде, Брокгауз бен пен Эфронның энциклопедиялық сөздігінен толеранттылықтың керемет анықтамасынан мынадай  үзінді бар, мұнда стереотиптерге қарамастан, төзімділік дегеніміз: «ақыл-ойдың бағыты немқұрайлылықтан (индифферентизмнен) және тек өз пікірлерінің (фанатизм) шындығын табанды мойындаудан бірдей ерекшеленеді. Бұл жоғары ақыл-ой мәдениетінің белгісі, күрес пен күмәннің нәтижесі. Төзімділік басқалардың пікірлері мен сенімдерін құрметтеу арқылы көрінеді» делінген.

Ал қарапайым сөзбен айтқанда, бұл алуан түрлі әлемде өмір сүру өнері.

Толеранттылықтың түрлері қандай?

Толеранттылық – бір уақытта медициналық және әлеуметтанулық термин. Бірақ бізді мәселенің әлеуметтік тұсы қызықтырады, өйткені біз көбінесе оқиғалар мен адамдарға толеранттымыз немесе толерантты емеспіз.

Толеранттылық негізгі жүйке психологиялық тұрақтылық ретінде

Яғни, адамның эмоционалды тұрақтылығы. Бұл оның проблемалық және дағдарыстық жағдайларды жеңу қабілеті, стресске төзімділігі, өзін-өзі реттеу қабілеті. Толеранттылықтың бұл түрі төтенше жағдайларда қаншалықты тиімді бола алатынымызды, психотравматикалық факторлармен қалай күресетінімізді айқындайды.

Егер сіз соңғы екі жылда өзіңе жарайсың дей алсаңыз, өзіңізге ыңғайлы жағдайға оралып, жоспарлауды жалғастыра берсеңіз, құттықтаймыз: сіз толеранттылық таныттыңыз.

Толеранттылық адамның жеке қасиеттерінің жиынтығы

Бұл біздің әлемге және басқа адамдарға деген көзқарасымызды, сондай-ақ олармен тиімді қарым-қатынас жасау қабілетін анықтайтын жеке ерекшеліктер. Мұндай қасиеттердің қатарына белгісіздікке деген көзқарас: адам өзгерістер, ақпарат тапшылығы, ережелердің түсініксіздігі жағдайында өзін қаншалықты жайлы сезінуі жатады.

Толеранттылықпен байланысты тұлғаның тағы бір қасиеті — эмпатия қабілеті — адамның басқаларға жанашырлық таныту қабілеті. Бұған ментальді икемділікті, коммуникативті құзыреттілікті, альтруизмді, сенім қабілетін және өзіне жауапкершілік алуға дайын болуды қосуға болады.

 Толеранттылық адамның құндылықтар жүйесі ретінде

Бұл құндылықтар оның әлемнің әралуандығына қатынасын айқындайды. Егер олардың біреуі жоқ болса, толерантты еместің белгілі бір түрі пайда болады.

  • Гендерлік. Оған гендерлік теңдікті талқылау аясына кіретіндердің барлығы кіреді — жалақыдан маркетингтегі сексизмге дейін, «ер адамдар жыламайды» деген стереотиптерден бастап, әке мен бала бөлмелерінің болмауына дейін.
  • Жас ерекшелігі. Мысалы, эйджизм-адамды жасына байланысты кемсіту. «Өтіп жатқан уақыт» немесе «Осындай құрметті жас үшін тым ашық киім» туралы естідіңіз бе? Бұл жасқа толерантты болмау.
  • Білім беру. «Нашар оқитын болсаң — аула тазалап жүресің», «Иә, ол соншалықты ақылды емес, қайдағы институт тек колледжге түссе игі». Бала кезінен бәрі осындай сөз тіркестерін естіген сияқты. Бұл толеранттылық танытпаудың көрінісі.
  • Ұлттық этникалық. Қазіргі мәдениетте көрініс тапқан ең түсінікті типі. Адамға жеке қасиеттерін оның ұлтына қарай бейімдеу-бұл толеранттылық емес. Оның ең жоғары дәрежесі-ұлтшылдық.
  • Географиялық. Ұлттық этникалық типпен сәйкестіктер бар, бірақ олардың өзгешеліктері де болады. Мына мысалдарға қарайық: «Сізде МААЖ артында бәрі нашар киінеді ме?», «Сен не мұңайып тұрсың? Норильскіденсің бе?».
  • Таптық әлеуметтік.  Мектеп бағдарламасындағы әдебиет бойынша классикалық мысал-«Мына шаруаның қыздары да жақсы көре ала ма!» деген сияқты таңдану. Қазіргі заманға сай мұндай сөз тіркестерін әлеуметтік желілерде кездестіре аласыз, онда адамдардың маңыздылығын киген брендті киімдеріне қарай айқындайды.
  • Дүбәра. Бұл арада бірден ойымызға үйсіз-күйсіз жүрген және қылмыс жасаған адамдар туралы стереотиптер келеді. Бірақ шын мәнінде бұл тізімге кіретіндер көп: тривиальды емес мысал-психикалық ауруы бар адамдар.

Неліктен толерантты болу керек?

Толеранттылық – бұл біздің өміршеңдігімізді айқындайтын негізгі ресурстың бір түрі.

Күйзеліспен күресу үшін…

Толеранттылық бізге төтенше және дағдарыстық жағдайларға жақсы бейімделуге және физикалық және психикалық сау болуға мүмкіндік береді.

Адам бәр нәрсеге төзіп жүрмей, қолайсыз жағдайды түзетуге белсенді түрде кірісіп кетуі тиіс. Бұл қисынды болады: қолайсыздықты сезіну арқылы біз өмір сүру сапасын нашарлатып қана қоймай, айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас орната алмай қаламыз.

Басқа адамдармен араласа білу және одан қиналмау

Төзімділік пружина принципі бойынша әрекет етеді: яғни оны қаншалықты тарта берсек, қарсылық та күшейе түседі. Ерте ме кеш пе бұл шиеленіс бір шығады және агрессияға (ауызша немесе физикалық), ашық кемсітушілікке немесе ішкі психологиялық проблемаларға айналады.

Стреотиптердің қармауында қалмау үшін

Біздің миымыз өте қу орган. Егер ол жағдайды объективті түрде бағалай алмаса, дайын жауапқа — стреотиптерге жүгіне салады.

Яғни ойлау жүйесі тек сол арқылы ғана  жұмыс істегенде, бұны  ебегейсіздік дейді. Бұл когнитивті бұрмалануларға байланысты қателіктерге әкеліп қана қоймай,  біздің жасампаздығымызға тосқауыл болады. Өзін-өзі дамыту мүмкіндігі, көптен бері мазалаған проблеманы қалыптан тыс шешу мүмкіндігі-мұның бәрі төзімділік қағидаттарына сәйкес келеді.

Синергия әсеріне қол жеткізу үшін

Қазіргі адамның алдында тұрған міндеттер басқа адамдармен ынтымақтасуды талап етеді. Командаңыз неғұрлым әртүрлі адамдардан тұрған сайын, соғұрлым тиімді болады: бұл дегеніміз әртүрлі тәжірибе,  түрлі дағдылар және жұмыстағы әртүрлі тәсілдер.

Толеранттылық синергетикалық әсерге  алып келеді: бір-біріне ұқсамайтын адамдар өзара әрекет ете отырып, алға ілгерілететін шешім шығара алады. Бірақ біз оларды өзіміздің арамызда көре алуымыз қажет.

Өзіңді толерантты болуға қалай тәриелеуге болады?

Кез-келген дағдыны қалыптастырудан гөрі оны дамыту әлдеқайда қиын. Бірақ сіз келесі бағыттарда әрекет етсеңіз, ресурсыңызды нығайта аласыз.

Күйзелісті жеңіңіз

 Біздің ішкі ресурсымыз бен күшіміз неғұрлым көп болса, жаңа нәрселерді зерттеу және байқап көру оңайырақ болады. Егер Сіздің жалғыз тілегіңіз өзіңізді мазаламайтындай жай ғана жату болса, әріптесіңіздің тапсырмаларды шешудің бейтаныс әдісін қолдану туралы ұсынысына әдептілікпен қарау қиын болады.

Жүйкенің тозуы шығармашылыққа зиян тигізеді. Ал сіздің толеранттылығыңыз көптеген нұсқалардың ішінен ең жақсы шешімді табуға мүмкіндік береді.

Жаңа нәрселерді көріңіз және байқаңыз

 Жұмысқа әртүрлі жолмен барыңыз, әлі болып көрмеген жерге баруға тырысыңыз. Жаңаға сабырлы қарау өмірдегі белгісіздікке үйренуге көмектеседі. Бізді алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Көп дағдыны меңгеру – турбуленттілік сәтінде де қалыпты күйде қалу ықтималдығы жоғары болады.

Басқа адамдарға қызығушылық танытыңыз

Сеніңіз, адамдар тұлға ретінде керемет жаратылыс. Зер салып қарасаңыз, көргендеріңізден көп рахат аласыз!

Жұмыла білу коммуникативті толеранттылықты және орталықсыздандыру қабілетін арттыруға көмектеседі-бұл өзіңіздің жалғыз дұрыс ұстанымыңыз туралы ойдан аулақ болып, жағдайға әр түрлі қырынан қарай білу мүмкіндігі.

Сіз басқа біреу дұрыс айтуы мүмкін екенін мойындауға дайын болсаңыз, жұмыс пен жеке тапсырмаларды шешудің нұсқалары көбейе түседі. Мысалы, бәсекелестердің тәжірибесін зерттеу өте пайдалы. Ал қарсыластарын қабілетсіз деп санайтын компаниялар толеранттылық танытпауына байланысты қызықты идеяны жіберіп алып, өсулеріне серпін беретін  трамплиннен айырылуы мүмкін.

Мәселелерді шешудің гуманистік тәсілдерін қолдануға тырысыңыз

Мынаны елестетіп көріңізші: Сіздің әріптесіңіз өзінің жұмыс бөлігін үнемі ең соңғы сәтке дейін созып жүріп алады, бұл сізге артық жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Бұған назар аудармай, тыныш қана іштен тыну толеранттылыққа жата ма? Жоқ. Оның қасына келіп, Сіздің барлық қиындықтарыңыздың кесірі ол екенін айтып, қарым-қатынастарыңызды бұзу дұрыс па? Жоқ.

Бұл жағдайдың ең жақсы тәсілі-адамға оның әрекеттерінің Сіз үшін қандай салдары болатынын тікелей айту, содан кейін себептерін анықтап, проблеманы бірге шешуді ұсыну.

Мүмкін, онда отбасылық қиындықтар болып жатқан шығар, мұндай жағдайда тапсырмаларды уақытша қайта бөлу көмектеседі. Немесе жұмыс тым көп — мұнда Сізге басшының қатысуы қажет болады. Оның жағдайына кіріп кетпей, оны шешу үшін қолайсыздықтың себебін анықтау қажет.

Аударған Сәния ИБРАЕВА,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
3-курс студенті