«Қайрат» клубын биыл күзде және 2026 жылы қыста Еуропа клубының үздіктерімен сегіз матч күтіп тұр.
Негізгі кезең бойынша жеребе 29 тамыз жұма күні тасталады. Оның қарсыластарының арасында «Пари Сен-Жермен»(Франция), Мадридтың «Реалы», «Барселона» (Испания), ағылшынның «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Арсенал» және өзге де жетекші клубтар болуы мүмкін.
Чепиондар лигасының негізгі кезеңі биыл 16 қыркүйек пен 2026 жылдың 28 қаңтары аралығында өтеді.
8 ойынның төртеуін «Қайрат» футболшылары Қазақстанда өткізеді.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін 11 миллиард теңге табыс тапты
«Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті.
Бұл жетістік клубқа қомақты табыс әкелді: УЕФА тарапынан төленетін сыйақы 18,62 млн еуроны (шамамен 11,6 миллиард теңге) құрады.
Топтық кезеңдегі әрбір нәтижеге де сыйақы қарастырылған:
Жеңіс үшін — 2,1 миллион еуро (1,3 миллиард теңге);
Тең ойын үшін — 700 мың еуро (436 миллион теңге).