Басты бет » Руханият » Бозторғай

Бозторғай

мейр

(Аудармалар, ақ өлеңдер)

Фериде Аслан

Бірінші жыр

Қапас құсына,
айналмас үшін.
Көкке ұмтыла,
Сарқылды күшім.
Мен – бозторғай,
Тұсауға көнбес.
Мен – бозторғай,
Арманы өлмес.
Кіршіксіз сезім,
Кірледі неліктен?!
Жүрекке сенім,
Айрылман өрліктен.
Көк жүзі неткен кең,
Қанатты құс үшін.
Табылар жанға ем,
Сарқылғанмен күшің.
Қапастың құсына,
Айналман әсте.
Жаралғам ұшуға,
Мекенім – өр көкте.

 

Екінші жыр

Ақ қардай арым,
Қорғаным дәйім.
Көмейдегі әнім,
Ол менің барым.
Әнмін мен әлемге,
Жүрекпен толғар.
Жаралғам жан емге,
Үміттерді жалғар.
Бозторғай құспын,
Адалдық – асыл әні.
Бозторғай құспын,
Арманы — өмір мәні.

 

Бозторғай сыры

Сетора Ахрор

Мың кінәңді кештім,
Мың бір күнәңді де.
Сен деп азап шектім,
Бұл сөзім күмәнді де.
Мың өтірігіңе сендім,
Үмітім жүзген соң көзіңде.
Мен сені өзім деп білдім,
Қиянат қылмас деп тегінде.
Мың рет қатең кешірдім,
Көндім рас өксітуіңе де.
Келмеді жүректен өшіргім,
Орның болған соң жүрегімде.

 

м1

Фериденің монологы

Сетора Ахрор

Ән салсам көк жүзін,
Асқақ әуенмен тербете.
Қорғап сенімнің өрін,
Алмастан өмір өзгерте.
Әнім болды неге келте,
Асылыма назы жетті ме?!
Алау сезім аямастан өрте,
Асылы мендей азап шекті ме?!
Ән салсам көк жүзін,
Тербетіп назды күйге бір.
Күлер ме екен бұ жүзім,
Жоқ болып көңілдегі кір.
Нұқай

Айдан Кара

Көк жүзін жарық қып,
ақ бұлттарды ғаріп қып.
Жарығыңа дүние малып,
қараңғыны жарып шық.
(балқар халқының халық әнінен)
Өлара мезгіл,
Ай тумаған шақ.
Уақыт тоқтаған кіл,
Босаған көңіл тақ.
Жабырқау көңіл,
Жалқы кезгем бақ.
Ай туғанша жаңа,
Түн жыр сыйлай.
Жан таппай пана,
Жүрген кез тынбай.
Жарық ай туады,
Сабырға жүгінсек.
Көңіл де тынады,
Жанарға үңілсек.

 

Басқа көктем

Фериде Аслан

Жүрек азапта,
Көңіл мазақта,
Кезікпей көңіл,
Күткен ғажапқа.
Басқа көктем,
Күткенім басқа.
Арылып өксіктен,
Ақтарылсам досқа.
Жуылып жас жүзім,
Келмеске кетіп күзім.
Қайта бүр жарса ғой,
Көңілдегі үміт гүлім.
Басқа… Басқа көктем,
Аңсап, жүрегім күткен.

 

м2

 

Саған сауал

Фериде Аслан

Ұмыт болса,
Ақ сезім мендегі.
Суық болса,
Алау жүрек сендегі.
Неге әлі біздегі,
Алау сезім сөнбеді?!.

Ұмыт болса,
Ақ арман мендегі.
Қалың болса,
Өкініштің өрнегі.
Бізді неге тұсаған,
Сағыныштың өрмегі?!.
Ұмыт болса,
Қиялымның бал дәмі.
Жуық болса,
Бақыттың ақ таңдары.
Неге әлі біздерден,
Естеліктер қалмады?!.
Ұмыт болса,
Жарқын жүзім кешегі.
Сынық болса,
Сендік көңіл әйнегі.
Әлі күн неге өшпеген,
Жылылық көзіміздегі?!.

 

Аударма өлеңдер авторы: Мейірхан Мейрамбекұлы
Брайльдан аударған: Аяулым Байдәулет

Пікір жазу