Биыл Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық жастар орталығының «Іс үшін» жастар қоғамдық бірлестігіне 20 жыл толды. Осы жылдар ішінде аталмыш бірлестіктің ұйымдастыруымен аудан аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін көптеген мәдени-спорттық, танымдық, семинар-тренинг пен интелектуалды ойын, сынды іс-шара өтті. Аудандық деңгейден оза шапқан үздіктер облыстық жарыстарға қатысып, Теректі намысын қорғап келеді. Жақында шағын футболдан Теректі ауданының 2024 жылғы чемпионаты ...
Толығырақ »Топжарған
Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Елордалық оқушы Аланна Берікқызы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атағына ие болды, деп хабарлайды Jastar janary порталы елорда әкімдігінің ресми сайтыны сілтеме жасап. Астана қаласының №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып, еліміздің көк байрағын желбіретті. Айта кетейік, өткен жылы Аланна Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем чемпионы атағына ие болған.
Толығырақ »Жағдайың қалай, ауыл спорты?
Бүгінде спорт – қоғамның даму деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі. Әсіресе, ауылдық жерлерде спортты қолдау – дені сау ұрпақ тәрбиелеудің және жастардың бос уақытын тиімді пайдаланудың басты құралы. Өкінішке қарай, ауыл спорты көп жағдайда назардан тыс қалып жатады. Бұл мәселені шешу – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Қазақстанның ауыл-аймақтарында спорттық инфрақұрылым жеткіліксіз екені жасырын емес. Көптеген ауылдарда спорттық залдар, алаңдар, ...
Толығырақ »БОКСТАН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ТОП ЖАРДЫ
Қазақстан құрамасы Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркеді, деп хабарлайды Olympic.kz. Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Нәтижесінде қазақстандық қыз-жігіттер 6 бірдей алтын жеңіп алды. Айта кетейік, бұған дейін жоғарғы көрсеткіш 2 алтын еді. 2018 жылы Венгрияда және 2021 жылы Германияда өткен дүбірлі додалардан Қазақстан 2 алтынмен оралды. Ал, бұл Черногориядағы әлем ...
Толығырақ »Сүйінші! Жас боксшылары әлем чемпионатында үш алтын еншіледі
alash.kz Қазақ боксшылары Черногорияның Будва қаласында жастар арасында өткен әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Jastar janary порталы Alash.kz-ке сілтеме жасап. Төрехан Сабырхан (67 кг) финалда кубалық Давид Мануэль Эспиноса Сантойяны 4:1 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. Санжарәлі Бегалиев (75 кг) өзбекстандық Жафарбек Шахбазовты жеңіп, екінші алтынға қол жеткізді. Үшінші алтынды 81 ...
Толығырақ »«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Нұрлан Бейімбет IT жобасын жүзеге асыра бастады
Былтыр алматылық Нұрлан Бейімбет «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алған болатын. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ол пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға және денсаулық сақтаудағы шығындарды азайтуға бағытталған өзінің IT жобасын жүзеге асыра алды. Бұл – созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, қант диабеті сияқты диагноздары бар диспансерлік есептегі науқастарға арналған qMed платформасы. Олар күніне екі рет сауалнамадан өтеді, нәтижесіне ...
Толығырақ »Астанада «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді
26 қазанда «Барыс Арена» спорт сарайында XIII Республикалық қазақ күресі «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді. Бұл турнирге облыстық жарыстардың нәтижелері бойынша іріктелген еліміздің ең күшті балуандары жиналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Турнирге Қазақстанның 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың ең мықты палуандары қатысады. Сондай-ақ, қатысушылар арасында өткен жылдың «Қазақстан Барысы» жеңімпазы және «Әскер Барысы» командасынан екі балуан ...
Толығырақ »Баянөлгейлік жас өнерпаз – ШАХНАЗ
Моңғолияның Баян-Өлгей аумағында қазақтың жас талантты қызы тұрады. 4 жасынан өнерге жақын Шахназ Айболатқызы көптеген додаларда топ жарып, көпке танылып жүр. Біз талабы таудай, өнерпаз қандасымызды көпшілікке кеңірек таныстыруды жөн көрдік. – Алдымен өзіңді кеңірек таныстырып өтсең… – Мен Баян-Өлгей аймағында туып-өстім. Жалпы білім беретін №1 мектептің 7-сыныбында оқимын. Ал отбасым жайлы айтатын болсам, шаңырағымызда асқар тау әкем, аяулы анам, ...
Толығырақ »2026 жылғы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді
Қазақстан 2026 жылғы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл турнирді өткізу құқығына Қазақстаннан бөлек, Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған еді. Қатысушылар жарыста физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін бағдарламаларда сынға түседі. «Болашақтың ойындарын» Қазақстанда өткізу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазан қаласында өткен алғашқы ойындардың ашылу ...
Толығырақ »Жәнібек жеңіске жетті
Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) қарсыласы Андрей Михайловичті нокаутпен жеңді. Фото: inbusiness.kz Жәнібек кездесудің басынан бастап қарқынын төмендетпей, жеңіске жетуге бар күш-жігерін салды. Сөйтіп, жаңазеландиялық қарсыласын 2-раундта нокдаунға түсірсе, 9-раундта техникалық нокаутқа жіберді. Бұл – Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабындағы 16-жеңісі. Осылайша, жерлесіміз IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады. Ал Андрей Михайлович кәсіпқой рингтегі ...
Толығырақ »