Италияның Рим қаласында World Boxing ұйымының конгресі өтті. Жиында әлемдік бокстың жаңа басшысы сайланды. Конгреске 56 мемлекеттің өкілі қатысты. Олардың барлығы Геннадий Головкин үшін дауыс берді. Осылайша, отандасымыз World Boxing ұйымының президенті атанды.
Фото: Instagram/gggboxing
World Boxing – 2023 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеп келе жатқан халықаралық бокс ұйымы. Бұған дейін Геннадий Головкин World Boxing Олимпиадалық комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Айта кетейік, ол бұл қызметте нидерландтық спорт функционері Борис ван дер Ворсттың орнына келді.
Геннадий Головкин арнайы бағдарламасын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Біз бөліну кезеңіне өтуіміз керек. Біз спортшылар сенетін, жанкүйерлер мақтанатын және Олимпиадалық отбасы үмітін ақтайтын федерация болуымыз қажет. Мені біздің жүзеге асырған істерімізбен бағалаңыз — үнемі және ашық түрде», – деді Геннадий Головкин.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
