– Қазақ жастары, нақтырақ айтқанда, ұлттық құрамамыз футболдан алғаш рет Еуропа чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңі – “А” лигасына жолдама алды. Топтағы соңғы ойында Албанияны 2:1 есебімен жеңді. Оның алдында Хорватияны жеңіп, Нидерландыдан жеңілген едік. Соның арқасында бас-аяғы алты ұпай еншілеп, өз тобымызда бірінші орынға жайғастық. Құтты болсын! – деп жазды спорт журналисі Аслан Қаженов.
ЖАСТАР ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ!
Еліміздің 17 жасқа дейінгі U-17 құрамасы «А» дивизионына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді.
Қазақстан U-17 құрамасы Хорватияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Албанияны 2:1 есебімен жеңді.
Жасөспірімдер құрамасы «В» дивизионын 6 ұпаймен бірінші орынмен аяқтап, «А» дивизионына жолдама алды.
Енді Бауыржан Сағындықтың шәкірттері 2026 жылдың көктемінде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама үшін таласады.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы
