Кекс тағамы дәмділігімен, жұмсақтығымен ерекшеленеді. Кекстің дәмін жақсарту үшін мейіз, жаңғақ қосуға болады. Құрамы: ➖ 3 жұмыртқа ➖ 250 гр құмшекер + 25 гр ванильді қант. ➖ 100 гр сары май. ➖ 1 стакан мейіз. ➖ 150 гр қаймақ. ➖ 1 үлкен қасық қопсытқыш (дрожжи). ➖ 400 гр ұн. Дайындау жолы: ✔ Мейізді ыдысқа салып, үстіне ыстық су құйып 15 ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Райым мен Ерке ұлдарының есімін атады
Жақында ата-ана атанған Райым мен Ерке бөбектің есімін атады. Райым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Райымбекұлы Ислам» деп жазба қалдырды. «Бауы берік болсын! Бақытты бала болсын!», «Бәрекелді! Балапанымыздың бауы берік болсын! Саналы, иманды, білімді, өнерлі болып өссін!» деп ақ тілектерін арнап жатырғандар көп.
Толығырақ »Роза РЫМБАЕВА: Ыстық, жақын, тәтті, қымбат немере…
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева әлеуметтік желіде немересімен түскен суретін жариялады. Әнші немересі Зейінмен демалып жүрген сәттерін үнемі жариялап отырады. Немересі әр толған жаңа айын атап өтіп, немересіне ақ тілектерін де жиі арнайды. Қолы қалт етсе немересін көруге асығатын әже: «Ыстық, жақын, тәтті, қымбат немере, Шіркін, қандай болады екен шөбере?» деп жазды.
Толығырақ »ТЕСТ: Қай партаға отырар едіңіз?
Мектепте оқушыны мұғалімдер өзі қалаған партаға отырғызады. Кей ұлдар ұнататын қызының жанына отырғызуды өтінеді. Оқымайтын балаларды үздік оқитын қыздың жанына отырғызады. Орын ауыстыру сәтінде ерік өзіңізде болса, суретте көрсетілген төрт орынның қайсысын таңдар едіңіз? Егер нөмірі 1-партаны таңдасаңыз, көңілді жүруді және үнемі бірінші болуды қалайсыз. Біртоға өмірге төзе алмайсыз, сондықтан үнемі көңіл көтеретін әрекет пен орта іздеп жүресіз. Әлдекім сізді ...
Толығырақ »«ЖАН ШУАҚ» лауреаттары марапатталды
Елордада «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттары салтанатты түрде марапатталды. Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Президент ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау мәселесіне айрықша назар аударатынын атап өтті. «Біз қазір инклюзивті мемлекет, инклюзивті экономика, инклюзивті қоғам туралы жиі айтамыз. Кең мағынасында «инклюзив» ұғымы әділдік пен бірлік, тәртіп пен заң үстемдігі және тең мүмкіндіктер ...
Толығырақ »ЕЛДЕ 96 ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Оқу-ағарту министрлігі үш ауысымды, апатты мектептердің мәселелерін жүйелі шешу үшін жаңа оқушы орындарын енгізу бойынша жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізуде. Бүгінде өңірлерде 88 мың оқушыға арналған 96 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Фото: egemen.kz/ Жалпы, осы жылдың аяғына дейін түрлі қаржы көздері есебінен ...
Толығырақ »Оқушылардың сабақта телефон қолдануына рұқсат берілмейді
Оқушыларға сабақ үстінде телефон пайдалануға заң бойынша тыйым салынады Бүгін Мәжілісте қаралған білім беру және тәлімгерлік мәселелері туралы заң жобасында осындай норма бар. Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Смартфонды тек сабақ барысына қажет болған кезде, мұғалімнің нұсқауымен ғана пайдалануға болады. Оқушылар сабақ кезінде тек білім алулары керек», – деді.
Толығырақ »Университеттер жалға алған хостелдерде өрт қауіпсіздігі сақталған — Министр
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Almaty Hostel»-дегі өртке қатысты пікір білдірді. «Осы апатта 2 студентімізден айырылып қалдық. Олардың бірі Каспий қоғамдық университетінде білім алса, екіншісі — Еуразия технологиялық университетінің студенті. Апаттың себебі мен салдары мұқият тексерілу үстінде және осыған байланысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Тамыз айында менің бұйрығыммен ЖОО ректорларына студенттерді хостелдерге орналастыру туралы тапсырма берілген болатын. Хостелдерде ...
Толығырақ »«Almaty Hostel»-дегі өрт: Хостелмен оқу орындары арасында келісімшарт жоқ
«Almaty Hostel» хостеліндегі өртке қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігі пікір білдіріп, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Осы оқиғаға байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының жоғары оқу орындары аталған хостелмен студенттерді орналастыруға келісімшарт жасаспағанын хабарлады. — Студенттерді көрсетілген хостелге орналастыру жүргізілген жоқ. Біздің мәліметтеріміз бойынша, бұл хостелдің тұрғындары жеке жалдау компаниясымен ынтымақтастық арқылы өз бетінше келісімшарттар ...
Толығырақ »«Ұлар» әдеби клубы құрылды
Ұлытау облысында жас ақын-жазушылардың бастамасымен құрылған әдеби клубтың ашылуы алдымен Жаңаарқа ауданында бастау алды. С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапхананың оқу залында «Ұлар» әдеби клубының тұсауы кесіліп, «Жайлауы жас қаламның – албырт сезім» атты поэзия кеші өтті. Ары қарай жас таланттардың бас қосуы Қаражал қалалық орталық кітапханасында жалғасын тауып, поэзия кеші ұйымдастырылды. Әдебиетке құштар жастарды өз қатарына қосуды көздеген әдеби клуб мүшелері ...
Толығырақ »