Басты бет » Жаңалықтар (страница 72)

Жаңалықтар

Ұлтқа қызмет ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуден басталады!

Тұрар СӘТТАРҚЫЗЫ, этнолог, тарихшы, журналист, «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің негізін қалаушы «ЕЛ БҮГІНШІЛ, МЕНІКІ ЕРТЕҢ ҮШІН» Ұлт ұстазы Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ Бүгінде «ұлттық» деген ұлы сөзді қосып, шаралар, жиындар, форумдар өткіземіз. Небір кеңестер бар “ұлттық” атын жамылған. Тіпті, Құрылтаймыз да бар. Әйелдер комиссиясын да ұлттық дейміз. Мекемелер, емдеу орталықтары бар. Ал ұлттық сөзін иемденгендер орталықтар ұлт болашағы үшін не істеп ...

Толығырақ »

“АХМЕТ — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ”

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет – ұлттың ұлы ұстазы» атты шара өтті. Ізгі шараға Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, доцент, ғалым Бақтылы Сансызбайқызы Боранбаева, облыстық мәслихат депутаты, Қаратөбе ауданындағы «Алаш» музейінің құрылтайшысы Ержан Қайыржанұлы Хасанов, «Алаш» байқауларының жүлдегері, «ТДК-42» телеарнасының тілшісі Жандос Жанұзақұлы Хамза, ...

Толығырақ »

Президент Digital Nomads IT қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласында шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Бейресми жағдайда өткен кездесуде Қазақстанда ІТ саласын дамыту перспективалары мен қазіргі әлемдік үрдістер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде Әділетті Қазақстан дарынды жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.  Сонымен қатар кездесуде Taskrabbit com компаниясының стратегия және даму жөніндегі жетекшісі ...

Толығырақ »

Досхан ЖОЛЖАҚСЫНОВ, Қазақстанның халық әртісі: ТОҚАЕВҚА РЕФОРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНА МАНДАТ БЕРУІМІЗ КЕРЕК

Кемелдік пен кеңдік деп жатамыз. Мақсат пен міндет күлкі емес, көркем болуы шарт деп жатамыз. Міне, осы бір шарафаты мол түсініктерді кейде мен ұлтыма да теңегім келеді. Ұлт дегеніміз – халықтың жетілген, парасаты жетіккен түрі. Өзін-өзі сақтауға, дамытуға, қорғауға, қорламауға айрықша ден қоя алатын қабілеттің түрі. Достаевский айтқан екен: «Құдайлар ұлтқа бөлінгенде, олар өледі», – дейді. Демек, ұлтты ұйыстыратын – ...

Толығырақ »

Жақында Димаштың «Бір аспанның астындағы тағдыр» атты жаңа бейнебаянының тұсауы кесілмек (видео)

24 қыркүйекте Алматы қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлермен фан-кездесуінде идеялық тұрғыда біздер үшін ең қымбат «Бір аспанның астындағы тағдыр» бейнебаянының тұсаукесері өтеді. Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желідегі парақшасында. Сурет бейнебаянының тизерінен алынды «Димаш Құдайбергеннің 12 минуттық туындысы адамзаттың бірлігіне арналған. Біз бәріміз нәсілге, ұлтқа және дінге бөлісеміз, бірақ біз бәріміз жер-ананың баласымыз және бір аспан астында өмір ...

Толығырақ »

Мексика метросында Димаштың бейнеклиптері көрсетілуде

6 қыркүйек күні Мехикодағы метроның медиафасадтарында Димаш Құдайбергеннің Fly Away әнін орындауымен түсірілген видеосы жарияланды. Ролик апта бойы сағат сайын 576 экранда көрсетіледі. Димаштың Мексикадағы фан-клубының арқасында бейнероликтер көрсетілді. Dears ең танымал теледидарлық желілердің бірі – Мехико қаласындағы метрода музыкалық бейнеклиптер мен мәдени жаңалықтарды орналастырумен айналысатын Isa TV-ге хабар тарату туралы өтініш жіберді. Трансляцияның өтуі үшін Dears Isa TV ресми Instagram-аккаунтындағы ...

Толығырақ »

МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ «ОЙНАЙЫҚ ТА, ОЙЛАЙЫҚ» ЕРТЕГІСІМЕН АШЫЛДЫ

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПРЕМЬЕРАМЕН АШТЫ 77 жылдық тарихқа бай Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 2022 жылдың 7-ші қыркүйегінде жаңа маусымын ашты. Өз көрерменін сағынған театр әртістері мен сүйікті кейіпкерлерін сағынған халық бір-бірімен қуана қауышты. Жаңа маусым өз шымылдығын «ОЙНАЙЫҚ ТА, ОЙЛАЙЫҚ» БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРТЕГІСІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫМЕН ашты. Туындының авторы В.Маслов, М.Супонин, аударған театрымыздың ...

Толығырақ »

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл

Асхат Аймағамбетов,  Оқу-ағарту министрі Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы, ұлы ағартушы, ұлттық тіл, әдебиет ғылымын қалыптастырушы кемеңгер-ғалым. Биыл ел руханиятының көсемі, қыр баласының сауатын ашып, халқымызды өркениеттің төріне шығаруды өмірінің мұраты қылған Алаштың ардақты азаматы, ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Ұлы ұстаздың қалдырған еңбектері — біз үшін баға жетпес мұра. Оның өмірі мен шығармаларын келешек ұрпаққа ...

Толығырақ »

ТІЛ — ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРУШЫ ҰЛЫ КҮШ

Әділбек ҚАБА,  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы:  — Қадірменді тілім тірегім деп танитын қауым, тіл жанашырлары, тілші ғалымдар, сала мамандары! Сіздерді бүгінгі Тіл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тіл — ұлттың жаны. Тіл — ұлттың рухы. Ұлттық нышаны. Мемлекеттік тіл — Қазақстан халқын ұйыстырушы бола алатын ұлы күш. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің ...

Толығырақ »

Ахмет айтқан асыл сөз

✔️ Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек. ✔️ Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп ...

Толығырақ »