Басты бет » Жаңалықтар (страница 68)

Жаңалықтар

Мұрат АХМАНОВ, актер, режиссер: Өнер жолындағы алғашқы ұстазым – Шара Жиенқұлова

Биыл биші, педагог, Қазақстанның халық артисі Шара Жиенқұлованың туғанына 110 жыл Ақпарат: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/703/ Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Гүлшара. Әкесі Баймолда күллі Жетісу өңіріне әйгілі молда адам болған. Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған. 1924-1930 жылдары Шара ...

Толығырақ »

«Мағжан. Мен жастарға сенемін!» тарихи драмасы «Qazaqstan» ұлттық арнасында

Республика күнінде Мағжан Жұмабаев туралы тарихи телехикая эфирге шығады.  Республика күнінде қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев туралы «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» тарихи драмасы эфирге шығады. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген 4 бөлімді телехикая Алаш арысының өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертеді. Тарихи туындыда Мағжанның ақындығы, қайраткерлігі мен ұстаздық жолы суреттеледі. Телехикаяның сценарийін Қанат Рамазан жазған. Режиссері – Дархан Сәркенов, бас продюсері ...

Толығырақ »

Абзал ӘЖІҒАЛИЕВ, шорт-трекші: Шын патриоттарға әрқашан Ту биік, биікте! (видео)

Абзал Әжіғалиев – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогы мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері, шорт-трекші. 2014 жылы Сочиде, 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиадаларға, осы жылы Бейжіңдегі қысқы ойындарда шеберлік көрсеткен спортшымыз үнемі өзінің еліне деген сүйіспеншілігін танытып, әлеуметтік желідегі парақшаларында жазбалар қалдырып келеді.  Күні кеше қайта оралған Ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай үйінің терезесіне ту іліп, Фейсбук парақшасында жазба жариялады. ...

Толығырақ »

КӨК ЖҮЗІНДЕ ЖЕЛБІРЕГЕН КӨК БАЙРАҚ

Парашютшы Олег Тощев Республика күніне орай Іле Алатауының аспанында Қазақстанның ең үлкен туын көкте желбіретіп, Қазақстанның Гиннес рекордтары кітабына енді.  Ту елордадағы тудан екі есе үлкен. Тудың өлшемі – 800 шаршы метр, ені 40 метр болса, ұзындығы – 20 метр. Тәжірибелі парашютшы 2500 метр биікте Қазақстан байрағын желбіретті. Олег Тощев 12 жылда парашютпен 5800 мәрте секірген.

Толығырақ »

«Менің елім – менің Туым» акциясы бастау алды

Бүгін «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері еліміздің барлық өңірінде «Менің елім – менің  Туым» деп аталатын ауқымды акцияны бастады. «Жастар рухы» Жастар қанатының баспасөз қызметі хабарлады.  Республика күні қарсаңында «Жастар рухының» белсенділері әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды өз үйлерінде Қазақстанның Көк байрағын ілуге шақыратын челлендж бастады. Акцияға мыңнан астам волонтер қатысып жатыр. Олар бүкіл еліміз бойынша 5 мыңнан астам туды орнатуға көмектесті. «Бұл акцияны ...

Толығырақ »

Қ.Тоқаев: Қонаев студенттер үшін өте ыңғайлы қала болар еді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен жүздесіп, Қонаев қаласын дамыту жайын айтты. Әсіресе, Алматыдағы студенттер үшін жатақхана мәселесі де өзекті болып тұрғаны жасырын емес. Осы мәселеге тоқталған Мемлекет басшысы: «Әрине, жастардың Алматы сияқты ірі қалада оқып, жұмыс істегісі келетіні түсінікті. Дегенмен Қонаев студенттер үшін өте ыңғайлы қала болар еді деп ойлаймын. Бұл жақта жатақхана салуға жер ...

Толығырақ »

Рухтастар Cases: білім, еңбекқорлық, патриотизм

Елордалық жастар «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған «Рухтастар Cases» диалог алаңында осы тақырыпты талқылады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде жастардың табысқа жетуінде маңызды рөл атқаратын үш басымдықты атап өтті. Бұл – отансүйгіштік, білімге ұмтылу және еңбекқорлық. Кездесуде Қазақстандағы Синергия университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев және ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының ...

Толығырақ »

Ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі өседі: үй алғысы келетіндер не істеуі керек

Бұл туралы «Үй алайық» ипотекалық компаниясының жетекшісі Мәдина Болатханқызы айтып берді. Коллаж: https://syrboyi.kz/ «Отбасы банк» 1 қазаннан бастап жылдық пайыздық мөлшерлемені көтереді. Бұған дейін көрсеткіш 7% болса, бұдан бұлай 11,5%-ға дейін артады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Бұл өзгеріс қандай бағдарламаларға қатысты және тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді? Бұл туралы «Үй алайық» ипотекалық компаниясының жетекшісі Мәдина Болатханқызы айтып берді. – ...

Толығырақ »

Президент: Өз тілімізді өзіміз ұлықтауымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп айтқан. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін – қазақ тілін білуі керек. Ана тіліміз бірінші орында болып, бәріміз үшін негізгі басымдық болуы қажет. Солай болады да ...

Толығырақ »

Тұрар СӘТТАРҚЫЗЫ: Ұлттық мінездің негізгі түп-тамыры – ұлттық тәрбие

Тұрар Сәттарқызы, «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің жетекшісі, этнолог, тарихшы «Ұлтты сүю — мінезден» деген Әлихан Бөкейхан атамыз. Қай жерде қызмет етпесін, мейлі ол мұғалім болсын, мейлі ол шенеунік болсын, депутат болсын, әкім болсын, бүгінгі қазақтың бәріне бір-ақ нәрсе жетпейді, бәріне ұлттық мінез жетпейді. Кешегі Алаш зиялыларының да алдында екі таңдау болды. Бірі -қара басының қамын күйттеп, үндемей өмір ...

Толығырақ »