Белгілі актер Шәріп Серік әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісіне қол жұмсағанын мойындап кешірім сұрады, деп хабарлайды Jastar janary.
Фото: бейнежазбадан скриншотталды
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Өкінішке орай, желіде тараған видеоны бәріңіз көрдіңіздер. Мен лифтіде оған дөрекі іс-әрекет көрсеттім. Мен өзімді ақтай алмаймын. Мен қателік жасадым. Істеген іс-әрекетім үшін заң алдында жауап беруге дайынмын. Мен жасаған қателікті қайталап сіздерде жасамауларыңызды сұраймын. Қол көтермеңіздер. Әлиядан, оның отбасына кешірім сұраймын»,-деп айтты.