Басты бет » Жаңалықтар » Танымал актер сүйіктісін соққыға жықты деп айыпталуда

Танымал актер сүйіктісін соққыға жықты деп айыпталуда

 Танымал актер Шәріп Серік қызды ұрып-соқты деген күдікке ілініп, Алматы қаласының Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатырғаны мәлімделді, деп жазды Jastar janary.

Фото: time.kz

Актердің айыпталуына  әлеуметтік желіде таралған суреттер мен бейнежазбалар себеп болған. Оны Әлия Бутеева есімді қазақстандық бойжеткен жариялаған.

Актер Шәріп Серік қызды ұрды деген ақпараттан кейін Sәlem Entertainment компаниясы онымен барлық байланысты тоқтататынын мәлімдеді. Аталған Sәlem Entertainment компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында:
«Sәlem Entertainment компаниясы актер Шәріп Серікпен әріптестік қарым-қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Соңғы оқиғаларға байланысты, Sәlem Entertainment ұжымы Шәрип Серікті «қара тізімге» енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты толығымен тоқтатты.
Бұған дейін жарияланған «Шакал» сериалы мен «Qarga» сериалының үшінші маусымы ресми түрде жабылды. Сонымен қатар, актер «Meow» сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін сомдауы тиіс болған, алайда ол жобадан толықтай алынып тасталды.
Сондай-ақ «Патруль: последний приказ» фильмінің шығармашылық ұжымы актердің қатысуымен түсірілген көріністерді кинонұсқадан алып тастау жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Актермен барлық келісім-шарттар тоқтатылды», – деп жазба жарияланды.